Жас өнерпаздар фестивалі

Өнер фестивалінде ауыл тарихына арналған бейнеролик көрсетілді. Одан соң «Асқар ақын немерелерімен» прологы қойылып, жас әнші Абылайхан Бәйділдаев «Ауылым» әнін нақышына келтіре шырқады.
Айтулы жылға орайМемлекет басшысы «Балаларға ерекше назар аудару керек. Себебі олардың амандығы – мемлекетіміздің жарқын болашағының сенімді кепілі. Сол себепті 2022 жылды «Балалар жылы» деп жариялау керек деп есептеймін. Сонымен қатар бұл жылды тек ұрандап немесе мереке түрінде атап өту ғана емес, балаларды қорғау мақсатында ең алдымен билік тарапынан денсаулық сақтау, білім беру және әлеуметтік қамсыздандыру саласында нақты іс-шаралар жасалуы керек, өскелең ұрпақтың үйлесімді дамуы мен бақытты балалық шағы – бұл біздің жалпыұлттық міндетіміз» деген болатын. Осындай ауқымды әрі маңызды жылға арналған концертті ұйымдастырушылар аудан жұртшылығына керемет көңіл-күй сыйлады.

Туған жерін мақтаныш ететін Асқарлық өнерлі өрендер концерт барысында туған жердің қасиетін көрсетті. Бұл ретте, жастардың өнермен сусындауына еңбек етіп жүрген ауылдағы медениет саласы қызметкерлерінің еңбегі ерен.
«ТТ» ақпарат