Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » » Мерейтой иесін құттықтады

Мерейтой иесін құттықтады

Ұлттық мереке қарсаңында ауданның дамуына үлес қосқан көлік саласының құрметті ардагері Шарафадин Камалов мерейлі 75 жасқа толды. Ардақты сала ардагерін мерейтоймен аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы М.Келдібаев, Тереңөзек кентінің әкімі Е.Бахтияров, аудандық мәслихат депутаты А.Ибрагимұлы арнайы барып құттықтады.

Шарафадин Камалұлы осы өлкеде туып, білім алған. «Автоколонна – 2585» ме­кеме­сінің аудандағы бөлімшесінде диспет­чер болып алғашқы еңбек жолын бас­та­ған ол аталған мекемеде 40 жыл еңбек еткен. Еңбек кітапшасында бір ғана меке­менің аты жазылған көлік саласының майтал­маны құрметті зейнет демалысына шы­ғып, бүгінде бейнетінің зейнетін көруде.

– Ол кезеңдердің ауыртпашылығы қан­дай болғанын білеміз. Нағыз бейнетті кезеңдер еді. Сол уақыттарда уақытпен санаспай жұмыс істеп, ауданнан шығатын автобус пен жүк көліктерінің бағыт-бағ­дарын айқындау, күнделікті жоспарды әзірлеп, олардың орындалуын бақы­лау жұмыстарын да тиянақты атқара біл­­діңіз. Барлық тасымал қызметіне жауапты болу, оны табан аудармастан 40 жыл бойы атқару екінің бірінің қолынан ке­ле бермейді. Осы салада еселі еңбегіңіз, айшықты қолтаңбаңыз қалды. Бүгінде сол қызметтің, бейнеттің зейнетін көріп, құр­метке бөленіп келесіз. Сізді мерейлі мерейтойыңызбен құттықтаймыз, – деді аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы М.Келдібаев.

Өз кезегінде Тереңөзек кентінің әкімі Е.Бахтияров пен аудандық мәслихат депутаты А.Ибрагимұлы да құттықтау лебіз­дерін жеткізіп, сый-құрмет көрсетті. Құр­метке бөленген мерейтой иесі арнайы құт­тықтап келген меймандарға өзінің ри­за­­шылығын жеткізді.

Е.БЕРКІНБАЕВ
23 қазан 2022 ж. 500 0