Бір топ азамат «Алматы қаласының құрметті азаматы» атанды
Қала күні аясында шаһар басшысы Ерболат Досаев қаланы дамытуға ерекше үлес қосқан он адамаға «Алматы қаласының құрметті азаматы» атағын берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Бүгін Алматы тұрғындары Қала күнін тойлап жатыр. Қаланың әртүрлі бөліктерінде мерекелік іс-шаралар өтуде. «Сүйем сені, Алматы!» ретро-фестивалінің ашылу салтанатында қала әкімі Ерболат Досаев алматылықтарды құттықтады.
«Сіздерді Қала күнімен шын жүректен құттықтаймын! Бұл бәріміз үшін, әрбір алматылық үшін ерекше мереке! Мен осында туып өстім, менің ең жылы естеліктерім Алматымен байланысты. Мұнда мен отбасын құрдым, балаларым өсіп келеді»,- деді Ерболат Досаев.
Сонымен қатар, шаһар басышысы Алматыны дамыту бойынша үлкен мақсаттар мен міндеттер бар екенін атап өтті.
«Бәріміз бірге қаламызды бұдан да жақсырақ және әдемі етуіміз керек. Біздің негізгі мақсатымыз – жайлы қалалық орта құру және мегаполистің барлық аудандарында тұрғындардың табысын арттыру. Мен Алматының барлық тұрғындарына шын жүректен махаббат пен зор денсаулық тілеймін! Біздің Алматы өсіп, гүлдене берсін», – деді ол.
Шара барысында мегаполис басшысы Алматының дамуы мен гүлденуіне елеулі үлес қосқан 10 тұрғынды «Алматы қаласының Құрметті азаматы» атағымен марапаттады.
Қазақ КСР-нің Жоғары Кеңесінің депутаты, ҚР бұрынғы Денсаулық сақтау министрі, мемлекет және қоғам қайраткері, медицина ғылымдарының кандидаты Талапқали Әбішұлы Ізмұхамбетов, Қазақ ССР-нің еңбек сіңірген әртісі, кино және театр әртісі Меруерт Қаратайқызы Өтекешова, Қазақстанның халық әртісі. Алтынбек Қоразбаев, белгілі қоғам қайраткері. Асылы Әлиқызы Осман, ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, журналист Жүрсін Молдашұлы Ерманов, Мемлекет және қоғам қайраткері, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген заңгері Зинаида Леонтьевна Федотова, Соғыс ардагері Қайырлы Уатайұлы Жоңқабаев, ұстаз, тарихшы Орынша Қарабалина, Мемлекет және қоғам қайраткері, отставкадағы 1-ші рангілі капитан, әскери теңізші Күпесбай Оразбайұлы Жампейсов, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген архитекторы Любовь Владимировна Нысанбаева ие болды.
Сондай-ақ Құрметті атақтан басқа, марапатталғандар 1 млн теңгеге ақшалай сертификаттар алды.
Іс-шараның ресми бөлігі аяқталғаннан кейін қала әкімі «Сүйем Сен, Алматы!» атты қаланың 1940 жылдан күні бүгінге дейінгі Алматының мәдени тарихи дістүрлеріне аоналған фестивальде болды. Қала тұрғындары мен қонақтары әр онжылдықтың атмосферасына музыка, поэзия және декорация арқылы кірді. Әртістер Шәмші Қалдаяқовтың композициясын, Дос-Мұқасан әндерін орындап, театрлық қойылымдар қойды.
Қала күнінің басты оқиғасы Тұңғыш Президент саябағында өткен «Алма Fest» дәстүрлі фестивалі болды. Ұйымдастырушылар алма жәрмеңкесін, үлкен концерт және түрлі белсенділік көрсетті. Фестивальдің басты алаңында 100 тонна жергілікті алма ұсынылды.
Қала күні Almaty Arena-да танымал отандық жұлдыздар мен A'Studio тобының қатысуымен өтетін «Сәлем, Алматы» атты үлкен концертпен аяқталады.
Еске салсақ, Қала күніне орайластырылған негізгі мерекелік іс-шаралар 16 қыркүйекте басталды. Концерттік бағдарламалар Алматының барлық аудандарында және мегаполистің басты алаңдарында өтті.