Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№22 газет

28 наурыз 2026 ж.

№ 23 газет

23 наурыз 2026 ж.

№ 20 газет

17 наурыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Ет пен нан қымбаттауы мүмкін

Ет пен нан қымбаттауы мүмкін

Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев Қазақстанда алдағы уақытта ет пен нанның қымбаттауына не себеп болатынын айтып өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қарашада жылдық инфляция біздің күткенімізден төмен қалыптасып, 5,4 пайыздық көрсеткіште болды. Мұндағы өсімді азық-түлік тауарлары қосып отыр. Олар бір жылда 9,7 пайызға қымбаттады. Нан-тоқаш өнімдері мен жарма бағасының 15,5 пайызға, ет және ет өнімдерінің 13,4 пайызға, балық пен теңіз өнімдерінің 12,2 пайызға өсуі ерекше байқалады», - деді Досаев бүгінгі Үкімет отырысында.

ҰБ төрағасының айтуынша, халық кірісінің ұлғаюы аясында ішкі сұраныстағы өсім мен фискалдық ынталандырудың сақталуы – инфляция өсімінің негізгі тәуекелдері болып отыр. «Қысқа мерзімді кезеңде азық-түліктің кейбір түрлері, атап айтқанда, дәнді-дақылдардың, сондай-ақ ЕАЭО шеңберінде жаңа талаптардың енгізілуі аясында сүт өнімінің қымбаттауына байланысты ет пен нан қымбаттауы мүмкін», - деді ол.
13 желтоқсан 2019 ж. 679 0