Тіл – татулық тірегі
Мамыр айы айтулы мерекелерге толы. Айдың алғашқы күні Қазақстан халқы бірлік пен татулық мерекесін тойласа, 7 мамыр – Отан қорғаушылар күніне ұласып, мерекелер тізімін Жеңіс күні жалғастырады.
Ізгілікті шараны ашып беру үшін алғысөз халықаралық «Қазақ тілі қоғамы» қоғамдық бірлестігінің Сырдария аудандық филиалының төрағасы Шаһарбек Нұрсейітовке, аудандық ұйымның басқарма мүшелері Мектепхан Елеусінов пен Сексенбай Ерімбетке берілді.
– «Тіл тағдыры – ұрпақ тағдыры, ұрпақ тағдыры – ел тағдыры» деген. Халықаралық «Қазақ тілі қоғамы» қоғамдық бірлестігінің Сырдария аудандық филиалында 58 бастауыш ұйым, онда 3450 мүше бар. Ауданда мемлекеттік тілдің өз дәрежесінде дамуына білім, медицина, мәдениет, кітапхана, тағы басқа сала қызметкерлері белсенді үлес қосуда. Тіл ұлттың негізгі белгісі ретінде халықтың болмыс-бітімінің сақталуында шешуші рөл атқарады. Тіл – татулықтың жарқын көрінісі, – деген Ш.Нұрсейітов қоғамдық бірлестіктің жұмысы жанданып, солтүстік өңірлерде де атаулы қоғамдық ұйымдардың жұмыс жасап жатқанын аса мақтанышпен атап өтті.
Жиынға құрметті мейман ретінде қатысқан аудандық ұйымның басқарма мүшелері «Жаңа Қазақстанды» құру жолында тіліміз түзу болмақ керегін айтып, бұл жолда баршамыз бірлесе күш жұмсауымыз қажет екенін атап өтті.
Салтанатты іс-шара соңында марапаттау рәсіміне кезек беріліп, бір топ тіл жанашырларына «Алғыс хат» пен сый-сияпат табысталды.
Аружан МҰХАНБЕТҚАЛИ
Мереке қарсаңында халықаралық «Қазақ тілі қоғамы» ҚБ Сырдария аудандық филиалы кент мәдениет үйімен бірлесе отырып, «Тіл – татулық тірегі» тақырыбында концерттік бағдарлама ұйымдастырды. Аудандағы тіл жанашырлары бас қосқан кездесуде әдемі әңгіме өріліп, әсем ән шырқалды.