Өмірге құштар
Шіркейлілік Нұрмұхаммед Әбілқасымовты ел жұртшылығы ақын ретінде де, азамат ретінде де жақсы таниды. Ақындығы – тағдырмен тайталаса жүріп, аузына қалам тістеп өлең жазуында. Азаматтығы – арбаға таңылса да өмірге құштар, бойында батылдық, қайсарлық қасиет бар. Сонысымен де өресі биік ақын елге сыйлы, қадірлі.
Поэзия әлемінде өзіндік қолтаңбасын қалыптастырып үлгірген Н.Әбілқасымов өзінің жігерімен бүгінге дейін көптеген биіктерді бағындырды. Ол «Сырдария ауданының Құрметті азаматы». Сонымен қатар Б.Момышұлы атындағы «Намыс» төсбелгісінің иегері, «Шабыт» жастар фестивалінің дипломанты, «Алтын қауырсын» номинациясының лауреаты, «Жаншуақ» қоғамдық сыйлығының иегері, шахматтан мүмкіндігі шектеулі жандар арасында облыс жеңімпазы және облыс әкімінің стипендианты, «Лукойл» компаниясының грант иегері. Қаламды тістей жүріп «Тасжарған», «Тағдырымның жанары» атты өлең жинақтарының авторы атанды. Міне, осындай өр рухты ақынға қандай құрмет жасалса да артық етпейді.
Жақында Шіркейлі ауылдық мәдениет үйінің ұйымдастыруымен Нұрмұхаммед Әбілқасымовтың шығармашылығына арналған аудандық көрсемсөз оқу шеберлерінің байқауы өтті. «Өмірге құштар көңілмен» атты байқаудың өтуіне Шіркейлі ауылдық округі әкімі аппараты және аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі қолдау білдірді. Бұл іс-шараға ақын Н.Әбілқасымов, аудандық мәслихат депутаты А.Ибрагимұлы, аудандық мәдениет үйінің қызметкері Ә.Тоқаяқов арнайы қатысты.
Сыршыл ақынның сөзіне жазылған сазгер И.Елубаеваның «Сүйген жүрек» әнін облыстық филармонияның әншісі Г.Әлиханованың орындауымен байқау шымылдығы түрілді. Мұнан соң ҚР Мәдениет саласының үздігі Н.Жүзбаева мен №129 Ә.Жәмішев атындағы мектеп-лицейдің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Л.Бектоғаева сөз сөйлеп, өмірге құштар ақынның жігерлілігін атады. Іс-шарада №129 мектеп-лицей мұғалімі К.Қожарипованың жетекшілігімен 10 сынып оқушысы Ж.Тәңірберген дайындаған «Өмірден алып келем үлесімді» атты бейнебаян көрсетілді. Сол арқылы Құрметті азаматтың өмірі мен шығармашылығы насихатталды.
Тағдырымен тайталаса жүріп жыр көгінде өз қолтаңбасын қалдырған өршіл ақынның жырларын көрерменге көркемдеп жеткізу мақсатындағы байқауға 13 талапкер қатысып, ақынның өлеңдерін мәнерлеп оқыды. Бұл – бірінші кезеңнің талабы. Ал екінші кезеңде олар Сыр ақындарының поэзиясынан өлең оқыды. Байқауға қатысқан талапкерлердің көркем мәтінді жатқа оқу шеберлігіне, дауыс мәнеріне және тіл тазалығына мән берілді.
Өмірге құштар жанның құрметіне өткізілген байқау қорытындысында бас жүлдені шіркейлілік Зарина Оразалиева жеңіп алды. Ал І орынды Инабат Төребек (Шіркейлі ауылы), ІІ орынды Қырмызы Сүйінбек (Н.Ілиясов ауылы), ІІІ орынды аудандық мәдениет үйінен қатысқан Фариза Жұматаева иеленді. Жетікөлдік Нұрсұлтан Аманхосқа Нұрмұхаммед ақынның арнайы жүлдесі табыс етілді. Байқауға қатысқан қатысушылар «Алғыс хатпен» де марапатталды.
«Мәді Қажы» ЖШС тарапынан арнайы ескерткіш сыйлықты Рахматулла Мұстафаев ақын Нұрмұхаммедке табыстады. Кеш соңында ақынның әкесі, ардагер ұстаз Қанатбек Әбілқасымов байқауды ұйымдастырушылар мен қатысушыларға ризашылығын жеткізді.

Ердос СӘРСЕНБЕКҰЛЫ