Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 49 газет

05 шілде 2025 ж.

№ 48 газет

01 шілде 2025 ж.

№ 47 газет

28 маусым 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
» » » Тіл ғұмыры-ұлт ғұмыры

Тіл ғұмыры-ұлт ғұмыры

Тілдер мерекесі қарсаңында №131 Т.Қозыбаев атындағы орта мектепте "Тіл ғұмыры-ұлт ғұмыры" атты апталық өтті. Апталық барысында, 5,б-сынып оқушылары және сынып жетекшілері Гүлжанар Әбілованың ұйымдастыруымен "Төрге озған тіл жанашыры" ҚР Журналистер одағының мүшесі, журналист Шахарбек Нұрсейітовпен кездесу болып өтті.

Шахарбек ағай кездесу барысында оқушыларға  журналистік бағытқа қалай түскенін, осы кезеңдерде жеткен жетістіктерімен бөлісіп, жұмыс кезеңіндегі қызықты оқиғаларын айтып берді. Осылайша  ашық-жарқын, еркін форматтағы кездесу болып өтті. Оқушылар журналистке сұрақтарын қойып, болашақта өздері де журналист, Ана тілін қастерлейтін азамат болғылары келетіндерін айтты.

ҚР Журналистер одағының мүшесі, журналист Шахарбек ағай оқушыларға:
– Қазақстанның қай азаматы болса да, Ана тілін көкке көтерін тіл жанашыры болу керек", – деп оқушыларды Ана тілін қастерлеуге, өз ана тілімізде сөйлеуге шақырып, үндеуін жеткізді.

Кездесу соңында мектеп директоры А.Әлиева Шахарбек Нұрсейітовке дайындаған "Алғыс хатын" табыстап, жұмысына табыс, отбасына амандық тіледі.
08 қыркүйек 2021 ж. 829 0