Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Велоспортшылар Пара Азиада чемпионы атанды

Велоспортшылар Пара Азиада чемпионы атанды

Жапонияның Аичи префектурасы мен оның орталығы Нагоя қаласында өтіп жатқан Азия Пара ойындарынан тағы да қуанышты хабар келіп жетті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстан құрамасы пара велоспорттан тағы екі алтын және екі күміс медаль жеңіп алды.

Бүгін тасжолдағы жарыста B класында ерлер арасында Наиль Ермұханбет пен оның пилоты Руслан Әлиев 65 шақырымды 2 сағат 1 минут 21 секундта жүріп, мәреге бірінші болып жетті. Олардан кейін Кирилл Илюкевич пен пилоты Глеб Бруссенский мәреге 2 сағат 11 минут 42 секундта екінші болып келіп, күміс жүлдені иеленді.

Әйелдер арасында Анастасия Калаус пен пилоты Полина Братчикова 55 шақырымды 2 сағат 5 минут 47 секундта жүріп, алтын медаль жеңіп алды. Жұлдыз Қайнарова мен оның пилоты Анжелла Соловьева 2 сағат 9 минут 43 секунд нәтижемен күміс медалист атанды.

Сурет: Туризм және спорт министрлігі
23 қазан 2026 ж. 53 0