Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№72 газет

22 қыркүйек 2026 ж.

№71 газет

19 қыркүйек 2026 ж.

№ 70 газет

15 қыркүйек 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
» » » Отандасымыз "Голос России" байқауының жүлдегері атанды

Отандасымыз "Голос России" байқауының жүлдегері атанды

Павлодар қаласындағы музыкалық колледждің екінші курс студенті Диляра Асаинова "Голос России" бүкілресейлік ашық қашықтық вокал байқауында 2 орын алды, деп хабарлайды Egemen.kz

Облыстық білім беру басқармасының мәлімдеуінше, оқытушысы Малика Казмагамбетова өзінің оқушысына дарынның сан қырын ашуға көмектеседі.

"Дилара − талантты әнші және мінезі де жақсы. Бала кезінен көру қабілетінде қиындықтар туындағанына қарамастан, үлкен сахнада өнер көрсетіп, көрерменге әдемі өнер сыйлауды армандайды", дейді Малика Казмагамбетова.

Ол дарынды студентінің алдағы уақытта талай белесті бағындырып, Қазақстанды әлемдік деңгейде танытады деп үміттенеді.

"Музыка маған өз ойларым мен сезімімді жеткізуге, ал ерекше халық күйлері эмоциялардың тереңдігін түсінуге үйретті. Әсіресе қобыз аспабында ойнағанды ерекше ұнатамын", дейді Диляра.


15 қараша 2020 ж. 453 0