«АЙТҰМАРДЫҢ» БИІК ШЫҢЫ
Адамның ішкі рухани жан дүниесін ашатын, сұлулыққа тәрбиелейтін, өмірге деген құштарлығын оятатын ерекше өнер – бұл би. Би – эстетикалық сезімталдықты қалыптастырып, білімді, мәдениетті болып өсуде осы өнердің ролі айрықша. «Би бір сәттік қана өмір сүретін ғажайып сезім емес, ол адамды тәрбиелейтін құрал» деп өзінің осы өнерге ғашық болып өскенін айтудан жалықпайтын қазақтың талдырмаш қызы Сымбат Алматқызы киелі Асқар ауылының тумасы.
Осы ауылдағы мектепте оқып, бала кезінен би өнерін меңгеруге талпынып өсті. Арнайы маманнан өнерді үйренбегенімен өз бетінше ізденіп, мектептегі іс-шараларға қатысып, би билеп, өнеріне жұрт сүйсіне қарады. Асқақ арманының, болашағының бишілікпен байланысатынын да іштей сезетін. Балалық шақтың арманы болған осы бір би өнеріне жету тілегі мектеп бітірген жылы орындалды. Сымбат Қызылорда қаласындағы іргелі жоғарғы оқу орны – Қорқыт ата атындағы мемлекеттік университетке грант негізінде оқуға түседі. Оқу орнында оқып жүргенде өнер атты құдыретті дүниенің қыр-сырына қаныға түседі. Әсіресе, өнердің ішінде өзіне жақыны – хореография мамандығын кәсіби тұрғыда меңгереді. «Хореографияның негізі – би. Хореография – ой мен мазмұнды музыкалық-хореографиялық бейне арқылы ашатын сахналық өнердің бір түрі. Оның қайнар көзі – халық билерінде. Халық билерін үйрену арқылы ұлт тарихын, салт-дәстүрін білетін боласың» дейді бүгінде өзі де кәсіби маман атанған Сымбат.
Университетті бакалавр академиялық дәрежесінде бітірген соң, туған ауылына «Дипломмен ауылға!» бағдарламасы бойынша ауылдық клубқа әдіскер болып қызметке орналасады. Сымбат сияқты жас мамандар игілігін көріп отырған бағдарлама алған білімін, қызметін туған жерінен бастауға мүмкіндік береді. Ауылдық клуб жанынан би үйірмесін ашып, «Айтұмар» би тобын құрады. Кіші, орта, үлкен топтарда бүгінде 30 оқушы би өнеріне тәрбиеленуде. Үйірме құрылған жылдар ішінде Сымбат жетекшісі ретінде биші қыздарды өнерге баулып, байқауларға қатыстырып келеді. Шағын ғана ауылдан шыққан айтұмарлықтардың алғашқы жетістігі 2015 жылы өз жемісін берді. Орта топ бишілері облыстық «Бозторғай» балалар шығармашылығы конкурсында 2-орын алса, үлкен топ Астана қаласында өткен халықаралық «Ақ көгершін» байқауында 3-орын жүлдегері атанды. Осы жылы Сымбат Алматқызы аудандық «Сыр аруы – 2015» байқауының бас жүлдесін жеңіп алды. Жемісті болған жыл өз жалғасын тауып, республикалық «Жұлдызға жол» байқауының лауреаты атанса, Байқоңырда өткен «Все краски танца» хореографиялық байқауында да жүлделі орындарды иеленді. Сондай-ақ 2016 жылы «Тәуелсіздік – тірегім, теберігім» байқауында, осы жылы өткен «Бозторғай» облыстық балалар шығармашылығы конкурсында «Айтұмар» би тобының жұлдызы жанды. Өткен жылы осы байқаудың үшінші жыл қатарынан жүлдегері атанса, дарынды балалар халықаралық «Дарын – 2017» байқауында 1-орын алып, айды аспанға бір-ақ шығарды.
«Тынымсыз ізденіс, түбегейлі нәтиже» дегендей тәрбиеленушілерінің еңбекке, өнерге деген сүйіспеншілігін арттыруда, жас ұрпақты тәрбиелеп жүрген Сымбат Алматқызы биыл да биік белесті бағындырды. «Айтұмардың» орта және кіші топ өнерпаздары Алматы қаласында өткен республикалық «Балдәурен» ән-би конкурсында 1-орын алып, аудан абыройын биік шыңға шығарды.
Еліміздің ұлттық құндылығын насихаттауға, рухани адамгершілік тәрбиені дарытуға талмай ізденіп жүрген жас маман рухани жаңғырудың негізін өз еңбегімен осылайша қалап жүр. Мың бұралған жас бишілерді ибалыққа, парасаттылыққа тәрбиелеу арқылы балалық арманы шынайы өміріне айналды.

Б.ЖАНӘЛІ