Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » » Алла Пугачева түсінде Ержан Максимнің әлемдік жұлдыз болып кеткенін көрген

Алла Пугачева түсінде Ержан Максимнің әлемдік жұлдыз болып кеткенін көрген

Танымал ресейлік әнші Алла Пугачева түсінде "Голос.Дети" жобасында өнер көрсеткен қазақа баласы Ержан Максимнің әлемдік жұлдыз болғанын көрген. Бұл түсі туралы ол жас орындаушының өзіне айтып берген деп жазады " target="_self">"TalkLike" бағдарламасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Ержан Максим танымал әншімен болған кездесу кезінде қандай қызықтар болғанын айтып берді. Ол Пугачеваның қарапайымдылығына тәнті болған.

"Алла Пугачева апамның маған берген сыйы осы. Төрт баланы ғана шақрды сол мейрамханаға. Бәріміз де бардық. Төртеумізге де өз қолтаңбасы мен сыйын берді, және де өз ақылын айтты. Сосын түсінде ол менің әлемдік жұлдыз болып жатқанымды көрген" , - дейді Ержан Максим.

Айта кетейік, Ержан Максим ресейлік "Голос дети" байқауының финалына дейн сүрінбей өтіп, екінші орынға ие болды. Ал аталмыш жобаның бас жүлдесі ең көп дауыс жинаған танымал әнші Алсудың қызына бұйырған.

Алайда қазақ баласының екінші орын алғанын ресейлік танымал тұлғалардың барлығы әділетсіздікке теңеді.

Сондай-ақ отандық жұлдыздар да Ержан Максмиге қолдау көрсетті.

Айта кетейік, "Голос.Дети" музыкалық жобасының финалында жеңіліс тапқан жас таланаттарға Алла Пугачева да қолдау білдіріп, өнерпаздарға ерекше сыйлық табыстады. Олардың арасында Ержан Максим де бар.

alashainasy.kz
02 мамыр 2019 ж. 817 0