Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Интернеттегі өзіңіз туралы барлық мәліметті 8 күнде жоя аласыз

Интернеттегі өзіңіз туралы барлық мәліметті 8 күнде жоя аласыз


Бүгінде сүйікті телефоныңыз сізді сенімді досыңыздан артық білмесе, кем білмесі анық. Әлеуметтік желідегі парақшаңыздан бастап, ақпаратты жеті қабат жер астынан таппай қоймайтын «іздеу жүйелері», үнемі қолданатын смартфон қосымшалары жеке мәліметтеріңізді сіз ойлағаннан да артығырақ біледі. Тіпті, құпия ақпаратыңызды да білуі ықтимал. Сонда қалай? Бұл сұраққа Data Detox бағдарламасының көмегімен BBC Future корреспонденті жауап табуға тырысты, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Алғашында Data Detox туралы оқығанымда күмәнданып, көкейіме күдікті ой келді. Бұл «Интернетсіз қалай өмір сүруге болады?» сынды жүздеген бағдарламаның кезекті нұсқаулығы болар деп ойладым. Өз өмірімді ғаламторсыз елестете де алмаймын. Жұмыстағы қызметім де үнемі онлайн болуды талап етеді. Демек, ғаламтордан ғайып болу – мансабыма шабылған балта іспеттес. Бірақ, 8 күнге арналған бұл бағдарламаның мәні басқада екен. Бұл бағдарлама жаһандану дәуіріндегі цифрлық технологиялармен тығыз байланыстағы сіздің онлайн өміріңізді ерекшеліктеріне сай реттеуге көмектеседі.
Data Detox бағдарламасын Mozilla және Tactical Technology Collective коммерциялық емес топтары жасаған. Ғаламтор қолданушылары жеке деректерімен не болып жатқанын айна-қатесіз көрсін деген оймен Лондонда бұл бағдарламаны «The Glass Room» акциясында қолданды. Бағдарламаның құрастырушылары біздің интернетте жылдар бойы жинақталған мәліметтерімізді өзгерте алмайды. Керісінше желі қолданушыларына «әр басқан қадамыңды аңдап бас» дегендей көмек көрсеткісі келеді. Яғни, жеке мәліметті жазуды талап ететін неше түрлі сайт, бағдарламаны қоллданғанда абай болуды ескертеді.
«Сегіз күн ішінде бұл бағдарламаға 30 минут арнайтын болса, әрбір адам интернетте жинақталып жатқан өзі туралы деректерді азайта алады. Бар болғаны бірнеше әрекетті орындау керек. Өз өмірлеріне мұқият болсын деген мақсатта адамдарға «Data Detox Kit» бағдарламасының нұсқаулықтарын таратудамыз» – , дейді «The Glass Room» акциясының жетекшілері.Менің де қызығушылығым еселене түсті. Өз өмірімді айнадан көрейін деп іске кірістім.
Бірінші күн: Жағымсыз жаңалықтар
Іздеу жүйелері арқылы сіз туралы мән-жайдың бәрін біліп, бұл күні сізді біршама қорқытуға болады:
Желіге желімденген ұрпақтың өкілі әрі интернет журналист болғандықтан көп уақытымды онлайнда өткізем. Сондықтан мені бұлай шошыту қиындау. Браузеріңіздің іздеу тарихын өшіріп, өзіңізге өзге адамның көзімен қарап көріңіз. Дегенмен, саналы түрде ғаламторда сапалы контентім болғандықтан, бұл әрекет те менің көңіл-күйіме ешқандай әсер ете алмады.
«Іздеу жүйелерінің басқа түрлерін қолданбайынша маңызды ілік таппадым»
DuckDuckGo коммерциялық сайт емес. Google браузерінен айырмашылығы бұрын-соңды іздеген ақпаратыңызды жинақтамайды. Сондықтан бұл сайтты қолдану сіздің құпия деректеріңіздің жария болмау ықтималдығын бәсеңдетеді. Бұл іздеу жүйесі де әдеттегідей Yahoo, Bing және Яндекс сияқты іздегелі тұрған сөзіңізді автоматты түрде жалғастырады, басқа нұсқаларын ұсынады. Мәселен, Google менің аты-жөнімді Би-би-си ('Sophia Smith Galer BBC') сөзімен толықтырса, DuckDuckGo «либерал» сөзін ұсынды. Қызық, әлдебіреу іздеу жүйесінде мені осылай іздеген бе? Жұмыс берушілерімнің бірі әлде фейсбуктағы фолловерім? Мүмкін, өзім жазған мақалалардың әсерінен болар? Кім біледі... Демек, сіз туралы ақпаратты қандай сөз жазып іздесе, оның да әсері бар.
Екінші күн: Барлығы бір жерде жинақталған
Data Detox маған «Google сіздің жақын құрбыңыз ба?» деген сұрақ қойды. 24 сағат уақытымның жартысынан көбін онлайн өткізетінім анық. Алайда оффлайнда да өмір сүретінімді жоққа шығармаймын. Соған қарамастан менің жақын құрбымның есімін Google деп анықтаған екен. «Деректерді детоксикациялау» бағдарламасы сізден Google браузеріне қандай ақпараттарды жүктейтініңізді және сол деректерді досыңызбен бөлісуге қаншалықты дайын екеніңізді сұрайды.
Chrome браузерінен бастап, Docs бағдарламасын, Gmail почтасын, Translate, YouTubе, Maps қызметтерін қолдану деген сөз әрқашан Google браузеріне өзің жайлы ақпарат айту дегенді білдіреді.
(Терең тыныстап, өз-өзіңізге бекем болыңыз):
  • қай жерде жүрмін;
  • қандай гаджет қолданамын;
  • не нәрсеге қызығамын;
  • қаражатымды қандай банкте сақтаймын;
  • интернет-провайдерім кім;
  • қандай дәрігерге жүгінемін;
  • шет тіліндегі қандай сөздердің мағынасын іздеймін;
  • не үйренгім келеді;
  • қай жанрда музыка тыңдаймын;
  • шет елдің қай аймақтарында болғанмын;
  • құпия тілектерім, армандарым қандай?
Менің өте жақын құрбым тізілген деректердің жартысын да білмеуі бек мүмкін. Смартфоным Андроид болғанда Google браузерінің дыбыстық хабарламалары арқылы дауысымның қандай екенін де анықтаушы еді. «Google құрбыңызда» сақталған жеке мәліметтерді «Деректерді детоксикациялау» бағдарламасының қалай өшіретінін түсіндіреді.
Үшінші күн: Фейсбук сізді қаншалықты жақсы таниды?
Фейсбуктен өзім туралы аз мәлімет таптым. Жарты жыл бұрын осы медиа компанияның басшысы желі қолданушылары өздері туралы жазылған жазбалармен өте аз бөлісетінін айтқан. Бұл шағымының жаны бар. Егер бүгін таңғы асқа не жегенімізді жұртпен бөліскіміз келсе, Инстаграмды қолданамыз. Оқыған қызықты мақалам туралы пікіріммен Твиттерде бөлісемін. Нәтижесінде фейсбуктағы аккаунттардың көпшілігі қоқыс сынды ескі жазбаларға толы. Мүмкін осының бәрінен құтылатын кез келген болар?
Төртінші күн: іздеу және адасу
Әлеуметтік желіде сіз лайық деп таныған әрбір постқа басқан лүпіліңіз маңызды рөл ойнайды. Сол арқылы өзге компаниялар сізге қандай парақшалардың ұнайтындығын, ІР-адресіңізді біліп алады. Әрине, бұл іс-әрекеттер сізді жіті бақылап отыратын ізкесуші-трекерлердің көмегімен анықталады. Демек, ғаламтордағы жүріс-тұрысыңыз қатаң бақылауда. Аталған трекерлер вебсайттарда қаншалықты көп болса, ақпарат жинау ықтималдығы да соншалықты жоғары.
«Детоксикация» ғаламтордағы жұмыс істеу режимін Хромдағы «Инкогнито», Сафарирдегі жеке режимге ауыстыруға кеңес береді. Сонда сіз іздеген сұрақтар, суреттер, жалпы іздеу тарихыңыз сақталмайды. Сізді аңдымас үшін ізкесуші-трекерлерге тыйым салатын арнайы қосымшаларды браузерге енгізу керек. Мекен-жайы https деп басталатын сайттардан мәлімет іздеген анағұрлым қауіпсіз екенін де есте сақтаңыз. Ескерту: Инкогнито режимі трекерлерге ақпарат алуға мүмкіндік бермесе де, сіздің әрекетіңізді аноним ете алмайды.
Бесінші күн: Қосылу
Смартфонымызда әрқашан wi-fi мен Bluetooth қосулы тұрады. Егер сіз айфоныңызды «Джонның телефоны» деп атасаңыз, метрода жүргенде сіздің есіміңізді көптеген адам білетін болады.
«Сіз қосылатын әрбір wi-fi желісі осы уақытқа дейін қосылған желінің тізімін көре алады»
Wi-fi мен Bluetooth-ді қолданбайтын сәтіңізде өшіріп қойыңыз. Желіге жүктегіңіз келген ақпаратты ықшамдаңыз. Осы екеуі арқылы жеке мәліметеңізге қызыққан адам қайда тұратыныңыздан бастап, өмір сүру дағдыңызға дейін білуі ғажап емес. Мәселен, қазіргі жұмыс берушіңіз сіздің бәсекелес компанияға әңгімелесуге барғаныңызды; үйдегі құрбыларыңыз туралы да жаңа ғана кездескен құрбыңыз Wi-fi арқылы біле алады.
Алтыншы күн: тазалау
Смартфоныңыздағы қосымшалар да сізді сатып жіберуге дайын. Егер телефонда 40-тан аса қосымша бағдарлама болса, деректер қиындықсыз жинақталады. Сондықтан пайдаланбайтын қосымшаларыңызды өшіріңіз. Бұдан бөлек сіз күнделікті қолданатын танымал қосымшалардың балама нұсқалары барын ойландыңыз ба? Олар сіз жайлы ақпарат тасымайды. Мәселен, «Скайптың» орнына Jitsi Meet және Signal қосымшаларын қолдансаңыз анағұрлым қауіпсіз.
Жетінші күн: Олар сізді кім деп ойлайды?
Фейсбук пен Гугл жарнама берушіге сіз туралы қандай мәлімет беру керектігін құрастырады. Сіз өз профиліңізді Ad Preferences ("Рекламные настройки") бөліміне кіріп, көре аласыз.
Гугл құрбым менің жасым қанша екенін ғана біледі екен. Ал, Фейсбук мен жайлы күткенімдей білмейді екен. Оның ойынша мен денсаулық сақтау саласында жұмыс істеп, автожарысқа қызығады екенмін. Өте қызық. Интернетке кіру үшін қандай құрылғы қолданатыным да маңызды. Фейсбук мені жаңа технологияны жақсы меңгерген тәжірибелі қолданушы деп таныпты. Сонда фейсбук маған қандай жарнама ұсыну керектігін де біледі. Әлеуметтік желідегі парақшаңызды үйлену, бала туу секілді ақпараттармен жаңартқаныңызда талғамыңыздың өзгергенінен хабардар етеді екенсіз.
Мұндай жақсы жақтарынан бөлек, теріс тұсы да жоқ емес. Профиліңізді зерттеу арқылы сайлауда кімге дауыс беретініңізді және қоғамның өзге өкілдері жайлы не ойлайтыныңызды психометрикалық әдіспен анықтауға болады. Мәселен, фейсбук жарнама берушілерге, қолданушыларға мақсатты түрде «еврейлерді жек көретін» топқа қосылуға немесе нәсілдік топтардан мүлде шығып кетуге мүмкіндік береді. 2016 жылы «Admiral» сақтандыру компаниясы посттағы символ санына қарай көлік жүргізу стилін анықтайтын қосымша жасады. Осыдан кейін қандай да бір қосымша виджетке қосыларда «Құпия ақпаратқа» қатысты шартқа бірден келіспей, ойлану керек.
Сегізінші күн: Өзімізді қайта жасап шығарамыз
Интернетте өзіңіз жайлы ақпарат жиналған қап жарылмасын десеңіз, «Детоксикация» өзіңізге ескерту орнатуды ұсынады. Ай немесе апта сайын браузердің іздеу тарихын өшіріп, әлеуметтік желінің сіз жайлы не дайындап қойғанын тексеріп жүріңіз. Data Detox коммерциялық емес қосымшаларының балама нұсқаларын ұсынады. Сонымен қатар, әр салаға жеке пошта ашуды ұсынады.
Ғаламтордағы ғұмырыңыздан өзіңіз жайлы уытты ақпараттарды өшіре аласыз. Бүгінгі ақпараттарды достарыңызға, туыстарыңызға міндетті түрде жеткізіңіз. Онлайнда басқан әр қадамның маңызы бар. Әлеуметтік желіде әлдебіреу сізді өз жазбасында тэгтесе, оның ақпараты да сіз жайлы жинақталған ақпаратты толықтырады.
«Data Detox Kit» көмегімен сіз де өзіңіз жайлы гуглдың не білуге болатынын байқап көріңіз.
29 қараша 2017 ж. 1 940 2

Гость JeaOrer от 27 ақпан 2019 20:11
Venta De Kamagra Contrareembolso Zentel Low Price Overseas Express Delivery Priligy 60 Mg Prix how to get a free trial of levitra Levitra Nitroglycerin Interaction Awc Drugstore

Гость JeaOrer от 16 наурыз 2019 02:16
Amoxicillin Biodegradation viagra Avis Acheter Viagra Ligne En Noisy Cialis En Pharmacie Sans Ordonnance Aurochem Viagra Review