Дәстүрлі өнерді дәріптеуші
Ән – көңілдің ажары. Шолпан апайдың әуелете ән салғандағы керемет дауысын айтсаңызшы. 13-14 жасында қолына үкілі домбыра ұстаған өнерпаз, мектептің мақтаулы оқушысы болды. Дауысы табиғат берген дарыны болса, домбыраны ағасы Әбдуәлиден үйренді. Мектеп бітіргеннен кейін жүрек қалауымен Қызылорда медициналық училищесіне оқуға түсті. арнаулы орта оқу орнының қабырғасында жүргенде көркемөнерпаздар үйірмесінің белсенді мүшесі болды.
Шолпан Жанбосынова аудандық ауруханада еңбек жолын бастап, қырық жылға жуық қызмет жасады. Сырқаттарды емдеумен қатар аудандық аурухана көркемөнерпаздары қатарында ұжымның абыройын көтеріп, талай байқауларға қатысып, жүлдемен оралды. Күміс көмей әнші, дәулескер домбырашы Ш.Жанбосынова – көпшілік көңілінен шығатын дәстүрлі әндер мен терме айтудың шебері.
– 1985 жылы аудандық ұлт аспаптар оркестрінің құрамында еліміздің сол кездегі астанасы Алматыға республикалық байқауға бардық. Оның құрамына мені қосқан өнер жанашыры А.Бахтиярова еді. Алма Сайранқызы ол кезде аудандық мәдениет бөлімінің меңгерушісі болатын. Халықтың дәстүрлі өнеріне айрықша мән беретін. Сенімді ақтап, оркестр құрамы елге лауреат болып оралды, – дейді дәстүрлі ән өнерінің иесі.
Шолпан апай өз мамандығының білгірі болып қана қоймай, қоғамдық жұмыстарға да белсене араласты. Құрметті еңбек демалысына шыққаннан кейін аудандық өкпе аурулар ауруханасы бастауыш ардагерлер кеңесінің бірнеше жыл төрайымы болды.
Осы кезеңде қоғамдық жұмысты белсене жүргізгені үшін облыстық ардагерлер кеңесінің «Құрмет грамотасымен» марапатталды. Сондай-ақ Ұлы жеңістің 70 жылдық құрметіне өткізілген «Қайран ерлер, қаһарман ардагерлер» атты аудандық көркемөнерпаздар фестивалінде бірінші орынды жеңіп алып, аудан әкімі мен аудандық ардагерлер кеңесінің бірінші дәрежелі дипломына ие болды.
Айта берсе, Ш.Жанбосынованың қоғамдық жұмыстар мен өнер байқауларында алған марапаттары жетерлік.
Шолпан апайдың жолдасы Зұлқарнай Бодықов та өнерге жақын адам. Домбыра тартып, ән салады. Еңбек жолын Қараөзек ауылында фельдшер болып бастап, аудандық дезинфекция бөлімшесіне басшылық та жасады.
Бүгінде ерлі-зайыпты жандар құрметті демалыста. Өнерпаз отбасы үш ұл, екі қыз тәрбиелеп өсірді. Балаларының барлығы да өмірден өз орындарын тауып, халық шаруашылығының түрлі саласында еңбек етуде.
– Қазіргі карантин кезінде ағаң екеуміз ешқайда шықпай үйде отырмыз. Елдің еңсесін көтеру үшін онлайн түрінде халық әндерін орындаймын, – дейді өнерпаз жан.
Дәстүлі өнер иесі Шолпан Жанбосынова – кент мәдениет үйі жанындағы «Әжелер «ансамблінің белсенді мүшесі. «Өмірім – өнерім» деп жүрген абзал жанға зор денсаулық, шалқар шабыт тілейміз.

Шаһарбек Нұрсейітов