Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » » Абай мұрасы дәріптелді

Абай мұрасы дәріптелді

Аманкелді ауылдық мәдениет үйінің ұйымдастыруымен Ұлы ақын, кемеңгер, ойшыл Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына орай «Абай  - біздің  ұлттық мақтанышымыз» атты аудандық интелектуалды онлайн сайыс өтті.

Байқаудың мақсаты — қазақтың ұлы ақыны Абай мұрасын кеңінен насихаттау, жастардың әдебиетке деген қызығушылығын арттыру болып табылады.

Сайысқа тереңөзектік Ержан Жүнісов, Айгүл Әуезова,  Қалжан Ахун ауылынан Інжу Дүйсенғали, Шіркейлі ауылынан Нұрай Әбдірашит, Аманкелді ауылынан  Гүлзира Әлқожаева, Нағи Ілиясов ауылынан Аружан Абдрахманова, А.Тоқмағамбетов ауылынан  Арайлым Есенбекқызы, Қоғалыкөл ауылынан Гүлбану Демжанова, Ақжарма ауылынан Гүлмира Босатханова  қатысты.

Онлайн сайыста қазылар алқасы әділ бағасын берді.Байқауға ұсынылған жұмыстарды бағалау кезінде жауаптардың дұрыстығы, талапкерлердің жылдамдығы бірінші кезекте басшылыққа алынды.
Өз кезегінде жеңімпаздар анықталып, марапатталды.
10 тамыз 2020 ж. 582 0