Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 70 газет

15 қыркүйек 2026 ж.

№69 газет

12 қыркүйек 2026 ж.

№68 газет

08 қыркүйек 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
» » » "Ақ баяннан" жүлдемен оралды

"Ақ баяннан" жүлдемен оралды

Қазалы ауданында Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, жезтаңдай әнші Мәдина Ералиева атындағы «Ақ баян» атты облыстық әншілер байқауы өтті.

Байқауға Арал, Казалы, Жанақорған, Қармақшы, Сырдария аудандарынан 15-35 жас аралығындағы 12 өнерпаз қатысып, бақтарын сынады.

Байқау екі кезеңде өткізілді. Бірінші кезеңде талапкерлер Мәдина Ералиеваның репертуарынан бір ән орындаса, екінші кезеңде еркін тақырыпта бір әннен орындады.

Қазылар алқасының шешімімен байқау қорытындысымен сырдариялық қос өнерпаз Нұрбол Тұранов пен Динара Жәкешова жүлделі орын алды. Нұрбол бірінші орын иесі атанса, Динара үшінші орыннан көрінді.

Жеңімпаздар арнайы диплом мен бағалы сыйлықтармен марапатталды.

"ТТ" ақпарат
04 желтоқсан 2019 ж. 937 0