Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » » Адам саудасына қарсы күрес жөніндегі «Сенім телефоны» жұмыс істейді

Адам саудасына қарсы күрес жөніндегі «Сенім телефоны» жұмыс істейді



Құрметті аудан тұрғындары!
Қазақстан Республикасы Үкіметінің адам саудасына байланысты қылмыстың профилактикасы, алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес адам саудасына қарсы «Сенім телефоны» жасақталды.
Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде «Адам саудасының құрбандарына арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандартына» сәйкес облыста адам саудасының құрбандарына арнаулы әлеуметтік қызметтерді «Шағын кәсіпкер әйелдерінің қоғамы» (жетекшісі С.Е.Сыздықова) қоғамдық бірлестігі «Жан» дағдарыс орталығы «Адам саудасының құрбандарына» қолдау көрсету бойынша келесі сенім телефондары «Горячая линия – 150», «116 16» +7 7242 271 473 жұмыс жасайды. Әр хабарласушыға адам саудасының алдын алу үшін нақты ақпарат беріледі.
Адам саудасына байланысты қылмыстың профилактикасы, алдын-алу және оған қарсы күрес жөніндегі барлық сұрақтарыңыз бойынша Сырдария ауданы әкімдігінің 8 (72436) 21-2-68 сенім телефоны және аудандық полиция бөлімінің 8 (72436) 21-2-48 және «102» сенім телефондары арқылы жүгінуге құқылы екендіктеріңізді хабарлайды.

Сырдария ауданы әкімдігі жанындағы
Адамдарды заңсыз әкетуге, әкелуге
және сатуға қарсы күрес мәселелері
жөніндегі комиссиясы
16 шілде 2019 ж. 3 069 0