Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » «Еңбек Жолы» республикалық конкурсы басталды

«Еңбек Жолы» республикалық конкурсы басталды

Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек қоғамына қарай жиырма қадам» атты бағдарламалық мақаласын іске асыру мақсатында Мемлекет басшысының                     2013 жылғы 22 қарашадағы № 698 Жарлығымен  Еңбек күні мерекесі жарияланған. Осыған орай,  Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі «Еңбек Жолы» республикалық конкурсының басталуын жариялайды.
            Конкурсқа кәсіпорындардың барлық жұмыскерлері қатыса алады.
                                       Конкурс 3 номинациядан тұрады:
                                                                                            
1) «Еңүздікеңбекәулеті» - марапаттар саны ең көп, еңбек өтілімі ең ұзақ, көп мүшелі әулет таңдалады;
2) «Өндірістіңеңжасжұмыскері» - еңбек өтілімі 5 жылданастам, өндірістің ең еңбекқор және белсенді жұмыскері таңдалады;
3) «Жұмысістеушіжастардыңеңүздіктәлімгері» - еңбек өтілімі 20 жылданкемемес, аса тиімді тәлімгер тандалады.
Конкурсқа қатысуға өтінімдер 2019 жылдың 10 маусымынан                      2 шілдеге дейін қабылданады. Конкурсқа құжаттар мемлекеттік немесе орыс тілінде ұсынылады.
         Қажетті сұрақтармен келесі мекен-жайы бойынша хабарласуға болады: Облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының жауапты мамандары қызметтік телефоны: (87242) 26-21-30 Асқар және Жеңісбек.
Конкурсқа қатысу үшін төмендегідей құжаттар қажет:
конкурсқа қатысуға номинациясы көрсетілген өтініш;
төлқұжаттың көшірмесі;
тиісті номинациясы бойынша 1-3 минуттық бейнеролик (жұмыс орнын және қажет болған жағдайда тәжірибесін көрсете отырып );
конкурсқа қатысушы туралы (Microsoft Power Point форматында) 1-3 минуттық компьютерлік презентация;
жұмыс берушімен расталған еңбек кітапшасының көшірмесі немесе жұмыс өтілін растайтын басқа да құжаттар / жұмыс орнынан анықтама;
жұмыс берушіден немесе кәсіподақтан ұсыныс хат;
Қосымша төмендегідей құжаттардың болуы мүмкін
                            
Марапаттау құжаттардың, алғыс хаттардың, құрмет грамоталарының көшірмелері, біліктілігін  жоғарлату жөніндегі сертификаттар.
         Жеңімпаздарды марапаттау 2019 жылдың қазан айында Нұр-Сұлтан қаласында «Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына» атты форумында өтеді.
Бірінші жүлде - 1 млн. тенгемен марапатталады;
Екінші жүлде - 500 мың тенгемен марапатталады;
Үшінші жүлде  - 200 мың тенгемен марапатталады.
          Барлық ниет білдірген жергілікті тұрғындарды және барлық меншік нысанындағы ұйымдардың еңбек ұжымдарын аталған конкурсқа қатысуға шақырамыз.
Аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің байланыс телефоны 22-0-12 Мұхан Айгүл, 21-2-70 Зұлқарнаев Ернар.
Көрсетілген қызметтік телефондары арқылы аталмыш конкурс жайлы толық ақпаратын ала аласыздар.  
# Сырдария ауданы
# Еңбек жолы конкурсы
# жұмыспен қамту
          
07 маусым 2019 ж. 1 121 0