Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

Құрметті тұрғындар

Пойыз жол өткелдерінен өту ке­зінде қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтауыңызды сұраймыз. Теміржол – аса қауіпті аймақ. Абайсыздық қайғылы жағдайға әкелуі мүмкін. Өз өміріңіз бен жақындарыңыздың қауіпсіздігін сақтаңыз!

Теміржол өткелдері – жоғары қауіптілік аймағы болып табылады. Пойыз қозғалысының қарқын­дылығы мен тежелу қашықтығының ұзақ­­тығын ескере отырып, теміржол өткелдерінен өту кезінде қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтау әрбір аза­маттың міндеті екенін ескертеміз!


Теміржол көлігі жоғары қауіп­тілік көзі болып табылатынын ес­ке­ре отырып, қауіпсіздік талап­тарын сақтамау адам өмірі мен ден­саулығына жоғары қауіп төндіретінін назарларыңызға саламыз!

Баршаңызды жеке қауіпсіздік мәдениетін сақтауға және жол қозғалысы ережелерін қатаң ұста­нуға шақырамыз!

Осыған байланысты, теміржол өткелдерінен өту барысында тө­мен­дегі қауіпсіздік іс-шараларын сақ­тауды сұраймыз:
Өткелден тек белгіленген жермен өтіңіз!

Жарық және дыбыстық белгі­лерге назар аударыңыз!
Шлагбаум жабық кезде өтпеңіз!

Пойызға жақындамаңыз және жолда тоқтамаңыз!

Пойыздың жақындап келе жат­қанын көрген жағдайда жолдан дер кезінде алыстау!

Теміржол жолдарында тоқтамау және бөгде заттарды қалдырмау!

Балаларды қараусыз қалдырмау және олардың теміржол маңында ойнауына жол бермеу!


Сырдария ауданының әкімдігі
18 сәуір 2026 ж. 63 0