Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Қыста балық аулау қауіпті

Қыста балық аулау қауіпті

Қыс мезгілінде су айдындарының беті мұзбен жабылғанымен, оның беріктігі әрдайым бірдей болмайды. Әсіресе ауа температурасының құбылуы, ағын судың болуы және қардың қалың түсуі мұздың жұқаруына әкеледі. Осындай жағдайда қысқы балық аулауға шығу адам өміріне айтарлықтай қауіп төндіреді.

Сырдария ауданы бойынша төтен­ше жағдайлар бөлімі қысқы балық аулауды ұнататын азаматтарды қауіп­сіздік талаптарын қатаң сақтауға шақы­рады. Мамандардың айтуынша, бір адам үшін мұздың қауіпсіз қалың­дығы кемінде 7-10 сантиметр, ал бірнеше адам бірге жүрген жағдайда 12-15 сантиметрден кем болмауы тиіс. Қалыңдығы талапқа сай келмейтін мұз кез келген уақытта ойылып, қайғылы жағдайға әкелуі мүмкін.

Қысқы балық аулау кезінде қауіп­сіздік ережелерін сақтау аса маңызды. Атап айтқанда, мұздың беріктігін тек­сермей, су айдынына шықпау, жалғыз бармау, өзімен бірге құтқару құралдарын алып жүру, сондай-ақ алкогольдік ішімдік ішіп мұз үстіне шық­пау қажет. Белгіленбеген және қауіпті аймақтардан аулақ болған жөн.

Егер мұз жарылып, адам суға түсіп кеткен жағдайда сабыр сақтап, мұздың шетіне сүйеніп, еңбектеп жағаға қарай жылжу қажет. Мұндай жағдайға куә болған азаматтар дереу 112 нөміріне хабарласуы тиіс.

Төтенше жағдайлардың алдын алу – әр азаматтың ортақ міндеті. Қауіпсіздік талаптарын сақтау арқылы ғана қысқы балық аулауды қауіп-қа­терсіз өткізуге болады.

Сырдария ауданы бойынша
төтенше жағдайлар бөлімі
Фото: ашық дереккөз

25 қаңтар 2026 ж. 25 0