Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№102 газет

28 желтоқсан 2024 ж.

№101 газет

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 газет

21 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Мереке күндері төтенше жағдайдан сақ болайық!

Мереке күндері төтенше жағдайдан сақ болайық!

Қай кезде де адам қауіпсіздігі маңызды. Тілсіз жаудан келетін қауіп жыл сайын қаншама адамның өмірін қиды. Оқыс оқиға салдарынан денсаулығына зақым келген адамдар қаншама. Әсіресе, қыс мезгілінде төтенше жағдайдың орын алуы жиі кездеседі. Сондықтан адам өміріне қауіп төндіретін апаттық оқиғалардың алдын алу үшін тұрғындар демалыс және мереке күндері қауіпсіздік шараларына аса мән беру керектігін назарға саламыз.

Осы күні аудандық төтенше жағ­дайлар бөлімінің қызметкерлері өрт қауіпсіздігі, судағы, мұздағы қауіпсіз жүріс-тұрыс және жол қозғалысы ережелерін сақтау мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстарына ерекше назар аударуда. Тұрғын үйлерді аралап, от жағу маусымы кезінде газды дұрыс тұтынудан бастап, балаларды үйде қараусыз қалдырмау туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.

Аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің бас­тығы, азаматтық қор­ғау подполковнигі Қанат Шарафадинов:

– Қауіп­сіздік ережелерін сақтау көп­теген оқиғалардың алдын алады. Біз профилактикалық жұмысты кү­шейтіп, азаматтарды мұқият болуға ша­қырамыз. Әсіресе алдағы мереке күндері тұрғындар қауіпсіздікке жауап­кершілікпен қарап, мән беруі керек. Жабық ғима­раттарда өтетін мере­келік іс-шаралар кезінде бекітілген ережені қатаң сақтау ескертіледі, – дейді.

Желтоқсан айынан бас­тап төтенше жағдай бөлімі күшейтілген режимге көшті. Соның аясында қосымша рейд, жаппай іс-шараларды бақылау және демалыс орындарындағы қауіпсіздікті қадағалау ұйымдастырылуда. Сонымен қатар сауда, ойын-сауық орындары мен көпшілік жиналатын орындар, мектеп, балабақша объектілерінің қызметкерлеріне нұсқамалар және ұсынымдар берілуде. Мереке күндері пиротехниканы пайдалану кезінде қауіпсіздік шарасын сақтау адам өмірі үшін аса қажет.

Төтенше жағдайлардың алдын алу­да қауіпсіздіктің негізгі ережелерін сақтау әрбір тұрғынның назарында болуы тиіс. Атап айтқанда, жылыту және электр аспаптарын пайдалану кезінде абай болу, балаларды қараусыз қалдырмау, пиротехниканы пайдалану кезінде қауіпсіздік шараларын сақтау, жұқа мұзға шықпау, су айдындарында жүріс-тұрыс ережелерін сақтау, қысқы ауа-райында және көлікті басқару кезінде мұқият болу.

«Апат айтып келмейді» деген қанатты сөздің астарында үлкен мән бар. Сондықтан барынша сақтық шараларын күшейтіп, мереке күндерінде төтенше жағдайдың алдын алайық.

«Тт» ақпарат
Фото: ашық дереккөзден
28 желтоқсан 2024 ж. 54 0