Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » » Құрметті аудан тұрғындары

Құрметті аудан тұрғындары

Сіздерді туған жеріміздің қасиетті орындарын таза ұстау мақсатында ұйымдастырылатын қорымдарды және ауданымыздағы тарихи ескерткіштерге тазалау акциясына қатысуға шақырамыз.

Қасиетті орындар мен қорым­дарды күтіп ұстау, оларды таза сақтау – әрбір азаматтың парызы. Бұл – тек тазалық жұмысы ғана емес, ата-баба рухына деген құрметтің, ұлттық құндылықтарға деген жанашырлықтың көрінісі. Қорымдар – өткен мен бүгінді жалғап тұрған киелі мекен. Онда халқымыздың тарихы, тағдыры, ұрпақ сабақтастығы сақталған. Сондықтан мұндай орындардың тазалығы мен күтімі – баршамызға ор­тақ жауапкершілік. Оларды күтіп-баптау арқылы біз жас ұрпаққа үлгі көрсетіп, тарихымызға деген құрметті қалыптастырамыз.
Осындай игі іс-шараларға тұр­ғындардың белсене қаты­с­уы – қоғамдағы бірлік пен ұйым­шылдықтың белгісі. Бірлесе ат­қа­рылған жұмыс қашанда нәти­желі болады. Әсіресе жастардың қа­тысуы қуантарлық жайт, өйткені бұл олардың туған жерге деген сүйіс­пеншілігін арттырады.

Соңғы жылдары елімізде қа­сиетті орындарды жаңғырту, та­рихи-мәдени мұраларды сақтау бағытында жүйелі жұмыстар ат­қа­рылып келеді. Соның ішінде, қорымдарды тазалау, абаттандыру, қоршау, белгі қою сияқты игі бастамалар қоғам тарапынан кең қолдау табуда. Мұндай іс-шаралар тек тазалық жұмыстарымен шектелмей, өскелең ұрпаққа тәрбие берудің маңызды құралына айналып отыр. Әрбір азамат туған жеріндегі киелі орындарға бейжай қарамай, олардың сақталуына өз үлесін қосса, бұл – үлкен рухани жетістік болар еді. Өйткені тарихын құрметтеген елдің болашағы да нық, іргесі берік болатыны сөзсіз.


Қасиетті орындар мен қорым­дарды таза ұстау – тек бүгінгі буынның емес, келер ұрпақ алдындағы жауапкершілік. Сон­дықтан баршамыз осы бағытта жұмыла жұмыс атқарып, ұлттық құн­ды­лықтарымызды көздің қара­шығындай сақтауға үлес қосуымыз қажет.

Өтетін орны: аудан көлеміндегі барлық қорымдар мен ескерткіштер
Өтетін күні: 19 сәуір, жексенбі күні
Уақыты: сағат 09:00-ден 13:00-ге дейін

Бұл іс-шара – ата-баба­ларымызға деген құрметтің белгісі. Қорымдарды тазалап, айналасын ретке келтіру – баршамыздың ортақ міндетіміз.

Өзіңізбен бірге қажетті құрал-жабдықтарды (күрек, тырма, қол­ғап және т.б.) ала келулеріңізді сұраймыз.
Баршаңызды белсенді қатысуға шақырамыз!

Сырдария ауданының әкімдігі

18 сәуір 2026 ж. 88 0