Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№79 газет

05 қазан 2024 ж.

№ 78 газет

01 қазан 2024 ж.

№ 77 газет

28 қыркүйек 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
» » » Теңіз текті тұлға атты жазушы-журналистер арасында шығармашылық байқау өтеді

Теңіз текті тұлға атты жазушы-журналистер арасында шығармашылық байқау өтеді

Теңіз текті тұлғаатты жазушы-журналистер арасында шығармашылық байқау өтеді.

Ережесі

КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Қазақстанның Халық жазушысы, Қазақстанның Еңбек Ері Әбдіжәміл Нұрпейісовтің 100 жыл­дық мерейтойына орай «ТЕҢІЗ ТЕКТІ ТҰЛҒА» атты жазушы-журналистер арасында шығармашылық байқау өтеді.


Байқау қаламгерлердің шабытын шыңдау мақсатында Арал аудандық әкімдігінің қолдауымен ұйымдастырылады.


1. Байқаудың мақсаты:


– Ұлт тарихын түгендеп, елдік және ерлік дәстүрді қаламына арқау еткен жазушының ғибратты ғұмырын, шығармашылығын насихаттау;
– Жазушы Әбдіжәміл Нұрпейісовтің бекзада болмысын, өнегелі өмір жолы мен даналығын жастарға үлгі ету;
– Әлем таныған Әбе туралы естеліктер мен ойлы оқиғаларды, мазмұнды материалдарды жинақтау;
– Жазушы-журналистер арасындағы шығармашылық байланыс­ты арттыру.


2. Байқаудың шарттары:


– Қаламгерлер додасына еліміздегі барлық БАҚ журналистері мен жазушылар қатыса алады;
– Додаға әртүрлі жанрдағы шығарма ұсынуға болады. Мате­риал бағытын қаламгер өзі таңдайды;
– Байқауға қатысушылардың жасына шектеу қойылмайды;
– Байқауға қаламгер бір шығарма ғана ұсына алады;
– Материалдың көлемі 7-10 бет. Шығарма 10 беттен асып кетпеуі тиіс;
– Шығармалар электрондық нұсқада Microsoft Word форматында 14 кегльмен, 1,5 интервалмен, Times New Roman қарпімен ғана қабылданады;
– Байқауға бұған дейін ешбір газетте, журналда, кітапта, электронды ақпарат құралдарында, әлеуметтік желілерде жарияланбаған, басқа байқауларға жіберілмеген жаңа шығарма ұсынылады;
– Байқауға қатысушы тілші өзінің толық аты-жөнін, мекенжайын, қысқаша өмірбаянын, телефон нөмірін, сапалы суреті мен шығармасын tolkyn_gazeta@mail.ru электронды поштасына немесе 8-705 824 74 32 WhatsApp нөміріне #Байқауға хэштегімен жазып жібереді.

3. Байқаудың мерзімі:

– Байқауға қатысатын шығармаларды қабылдау 2024 жылы 15 қазан күні тоқтатылады;
– Қабылданған шығармалардың ішінен іріктеліп шыққан жеңімпаздар Арал қаласына қорытынды кешке шақырылады. (Өтетін орны мен уақыты қосымша хабарланады);
– Іріктелген шығармалар ішіндегі ең үздіктері тәуелсіз қазылар шешімімен анықталады;
– Үздік деп танылған шығармалар БАҚ-та жарияланады.

4. Байқаудың қазылар алқасы:

– Қазылар алқасы қазақ прозасында өзіндік орны бар қаламгерлерден құралады;
– Олар байқауға түскен шығармаларды саралап, ең үздіктерін анықтайды;
– Анықталған шығармалардың жеңген орнын көрсетіп, ұйымдастырушыларға ұсынады;
– Ұйымдастырушылар бәйге жүлделерін үйлестіреді.

5. Байқау бәйгесі:

– Бас бәйге – 300 мың теңге;
– Бірінші орын – 200 мың теңге;
– Екінші орын – 150 мың теңге;
– Үшінші орын – 100 мың теңге;
– Ынталандыру – 10 адамға 20 мың теңгеден беріледі.


Байқауға түскен шығармалардың сапасына қарай қазылар алқасының ұсынысымен және ұйымдастырушылардың мақұл­дауымен бәйгелер саны өзгеруі мүмкін.


6. Байқау жеңімпаздарын марапаттау Арал қаласында өтеді.
14 қыркүйек 2024 ж. 803 0