Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » » Баспасөзге жазылуға шақырамыз

Баспасөзге жазылуға шақырамыз

Тұрақты оқырмандарымыз бен аудан жұртшылығын, мекеме қызметкерлері мен үкіметтік емес ұйым өкілдерін аудандық «Тіршілік тынысы» газетіне 2024 жылдың екінші жартыжылдығына жазылуға шақырамыз. Қазір мерзімді басы­лымға жазылу жұмыстары бастал­ғанын және аудандық газет редакциясы арқылы республикалық, облыстық, қалалық және аудандық газеттерге жазылуға болатынын да хабарлаймыз.

Мерзімді басылым – мемлекеттік ақпараттық саясат­ты жүзеге асыратын идеологиялық құрал, сондай-ақ оқыр­мандармен тығыз байланыс орнатып, қоғамдық сан­а­­­­­­­­ны жаңғыртуға үлес қосатын шығармашыл адамдардың ордасы. Ал «Басылымның басты тірегі – тұрақты оқырман» екені белгілі. Біз газеттің 85 жылдық тарихында бізді әркез қолдап, газетіміздің әр нөмірін асыға күтіп, үзбей оқитын оқырмандардың бар екенін әркез мақтанышпен айтамыз. Оқырмандардың қолдауы біздің жұмысымызға серпіліс сыйлап, жауапкершілігімізді арттыратынын да терең сезінеміз.

«Сыр медиа» серіктестігіне қарасты Сырдария аудан­дық «Тіршілік тынысы» газеті қазір 3115 данамен таратылуда. Баспасөз маманы мен менеджер мекемелерді күнделікті араласа, журналистер оқырмандармен тығыз байланыс орнатып, басылым таралымын арттыруға өз үлесін қосуда. Ортақ міндет аясында топтасқан ұжым қызметкерлерінің белсенді еңбегі 2024 жылдың екінші жартыжылдығындағы газет таралымының артуына сеп болады деп үміттенеміз. Осы ретте аудандық газет редакциясына келіп, республикалық «Егемен Қазақстан», «Казахстанская правда» газеттерінен бастап, «Айқын», «Литер», «Түркістан», «Жас алаш», «Қазақ әдебиеті», «Ана тілі», «Ұлан», «Жұлдыз», «Ақжелкен», «Балдырған» секілді көптеген газет-журналдарға жазылуға болатынын хабарлаймыз. Сондай-ақ Сыр өңірі жұртшылығы сүйіп оқитын облыстық «Сыр бойы», «Кызылординские вес­ти», «Ақмешіт жастары», қалалық «Ақмешіт апталығы», республикалық «Халық» газеттеріне жазылу мүмкіндігі қарастырылған. Қосымша мәліметті баспасөз маманының +7 777 155 94 53 байланыс нөмірінен алуға болады. Редакцияға келмей-ақ, уақыт пен қаржыны үнемдеп «Кaspi Gold» арқылы да жазылуға болатынын оқырман қаперіне саламыз.

Ақтөре Ибрагимұлы
30 сәуір 2024 ж. 525 0