Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » » МӘМС мәселелері бойынша халықпен кездесулер өтеді

МӘМС мәселелері бойынша халықпен кездесулер өтеді

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының Қызылорда облысы бойынша филиалының мамандары аудандарда МӘМС мәселелері бойынша кеңес беруді жалғастыруда. Ағымдағы жылдың 25 қыркүйегінде Сырдария және Жалағаш аудандарында есептік кездесулер өтеді.

Сырдария ауданы:

Тереңөзек кенті, сағат 10.30, аудан әкімдігінің мәжіліс залы;

«Ақжарма» ауылдық округі, сағат 14.30, Мәдениет үйі;

Нағи Ілиясов атындағы ауылдық округі, сағат 16.00, Мәдениет үйі;

Қатысушылар: Сырдария ауданы әкімінің орынбасары Димаш Байдушев, «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Қызылорда облысы бойынша филиалының директоры Бақыт Исмаханбетов, Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Мая Мирзанова, Сырдария аудандық ауруханасының бас дәрігері Жалғасбек Үсенов.

Жалағаш ауданы:

Жалағаш кенті, сағат 12.30, аудан әкімдігінің мәжіліс залы;

Қатысушылар: Жалағаш ауданы әкімінің орынбасары Ғани Сүлейменов, «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Қызылорда облысы бойынша филиалының директоры Бақыт Исмаханбетов, Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Мая Мирзанова, Жалағаш аудандық ауруханасының бас дәрігері Еркебұлан Мақсұтов.


«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ
Қызылорда облысы бойынша филиалының
халықты ақпараттандыру және өтініштерді қарау бөлімі

Фото: ашық дереккөзден
25 қыркүйек 2023 ж. 345 0