Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » » Сырдария ауданының барлық волонтерлерінің назарына!

Сырдария ауданының барлық волонтерлерінің назарына!

Облыстық «Жыл волонтері» конкурсына 14-35 жас аралығындағы барлық волонтерлер, волонтерлік топ немесе ұйым мүшелері қатыса алады.

Сыйлық иелерін анықтау және сыйлықтарды тағайындау «Жыл волонтері» облыстық сыйлығын тағайындау жөніндегі комиссия шешімімен жүзеге асырылады.

Сыйлыққа үміткерлерді іріктеуде ұлты, нәсілі, жыныс, діні, білім деңгейі мен әлеуметтік жағдайына шектеу қойылмайды.

Жеңімпаздарды марапаттау 2022 жылдың 25 қарашасында өткізіледі. Жеңімпаздар арнайы мүсінше мен бағалы сыйлықтармен марапатталады.

Комиссияға жолданған материалдар қайтарылып берілмейді.

Өткізу тәртібі:

Сыйлық волонтерлік салада әлеуметтік бағытталған, қоғамдық пайдалы міндеттерді шешуге үлес қосқан өтініш берушілерге беріледі.

- Бірінші кезең: Осы Ереженің талаптарына сәйкес қажетті құжаттар (жеке куәлігі (көшірмесі), орта арнаулы немесе жоғары білімі туралы диплом (көшірмесі), портфолио (волонтерлік бағытта жасаған іс-шаралар және сол бағытта алған алғыстар, дипломдар, жетістіктер) қоса тіркелген тіркеу өтінімімен бірге Қызылорда қаласы, Сол жағалау 15А мекенжайында орналасқан облыстық «Жастар ресурстық орталығы» КММ-не 2022 жылғы 22 қараша сағат 18:00-ге дейін тапсыру қажет;

- Екінші кезең: «Жыл волонтері» облыстық сыйлығының жеңімпаздарын анықтау, комиссия отырысы (2022 жылғы 23 қараша);

- Үшінші кезең: «Жыл волонтері» облыстық сыйлығының жеңімпаздарын марапаттау (Сыйлық жеңімпаздарына I, II, III орындар және бағалы сыйлықтар беріледі).

Қосымша ақпарат: 8 775 720 35 47
17 қараша 2022 ж. 479 0