Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » «Өрлеу» жастар сыйлығы тағайындалады

«Өрлеу» жастар сыйлығы тағайындалады

Сырдария ауданы әкімінің «Өрлеу» сыйлығын тағайындау ережесі
1.Жалпы ережелер:
«Өрлеу» сыйлығы (бұдан әрі – Жастар сыйлығы) – Волонтер жылы аясында ғылым, шығармашылық, қоғамдық қызмет салаларында жемісті еңбегімен көзге түскен, сондай-ақ жоғары спорттық жетістіктері үшін дарынды жастарды қолдау, талантты, білімді, саяси және қоғамдық өмірде белсенді жастарды көтермелеу мақсатында тағайындалады.
Ұйымдастырушылар:"Сырдария аудандық жастар ресурстық орталығы" КММ-сі және «Алғыр Ой» коммерциялық емес жеке қоры.
2. Қойылатын талаптар:
Сырдария ауданының 15 пен 29 жас аралығындағы барлық жастары қатыса алады.
Сырдария ауданы жастарының мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру, жетілдіру және дамытудағы қосқан үлесі, сонымен қатар, өз саласының және қоғамның жалпы дамуына қосқан үлесі мен инновациялық идеялары қошталады.
Жастар сыйлығы төмендегі бағыттар бойынша ауданның дамуы мен өркендеуіне сүбелі үлес қосып, белсене атсалысқан жастар үшін тағайындалады:
- өз саласы бойынша жоғары және жақсы көрсеткіштерге, жетістіктерге қол жеткізгені үшін;
- әлеуметтік маңызды жобаларға және қоғамдық өмірге белсене қатысуы;
-мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру және жетілдіру бойынша қосқан жаңашыл бастамалары;
- жеке басының жетістіктері;
-аудандық, қалалық, облыстық, республикалық сайыстарға қатысуы және жеңімпаз аталуы.
Жастар сыйлығының үміткерлерін іріктеуде ұлты, нәсілі, жынысы, діні, білім деңгейі мен әлеуметтік жағдайына шектеу қойылмайды.
Жастар сыйлығы 10 (он) жасқа ақшалай сыйлықтар (100 мың тг ден) тағайындалады.
3. Өткізілу тәртібі:
Жастар сыйлығы 3 кезең бойынша ұйымдастырылады:
-бірінші кезең: құжаттар қабылдау, үміткерлерді іріктеу (2020 жылғы 15 қараша, сағат 17.00-ге дейін);
- екінші кезең: Жастар сыйлығының жеңімпаздарын анықтау: (2020 жылғы 16-17 қараша);
- үшінші кезең: Жастар сыйлығының иегерлерін марапаттау (2020 жылғы 19 қараша);
Жастар сыйлығына үміткерлер төменде көрсетілген құжаттарды 2020 жылдың 15 қараша сағат:17.00 ге дейін «Алғыр Ой» коммерциялық емес жеке қорына немесе аудандық Жастар ресурстық орталығына (Сырдария ауданы, А.Алиакбаров №20 ) тапсыруы қажет:
- жеке куәлігі (көшірмесі)
- орта арнаулы немесе жоғары білімі туралы диплом (көшірмесі);
- жетістіктері (алғыс хаттар, диплом, марапаттары, медальдары, атақтары)
- Өмірбаяны ( қазақ немес орыс тілдерінде жазылған, 3х4 фотосуретімен);
Құжаттар бекітіліп, беттеліп (портфолио түрінде) өткізілуі қажет.
Ескерту: Тапсырылған құжаттар рәсімдеу талаптарына сәйкес келмеген немесе толық ұсынылмаған жағдайда қарастырылмайды. Сондай-ақ, ұсынылған құжаттар кері қайтарылмайды.
4.Жастар сыйлығының номинациялары
«Өрлеу» жастар сыйлығы мынадай номинациялар бойынша беріледі:
1. "Жас диқаншы"
2. "Ерікті жас"
3. "Жас журналист "
4. "Жас дәрігер"
5. "Жас мұғалім"
6. "Жас мемлекеттік қызметші"
7. "Жас әнші"
8. "Жас спортшы"
9. "Жас кәсіпкер"
10. "Жас полицей"
5. Байқау қатысушыларын бағалау
Байқау қатысушыларының жұмысын бағалау және жеңімпаздар мен жүлдегерлерді анықтау үшін қазылар алқасы жасақталады. Қазылар алқасының құрамы филология, журналистка, педагогика салаларының өкілдерінен, мәдениет және құқық қорғау саласы қызметкерлерінен құралады. Сандық құрамы 5-7 адамнан аспауы тиіс. Қазылар алқасының құрамы төрағадан және мүшелерінен тұрады.
Қосымша ақпараттарды аудандық Жастар ресурстық орталығынан алуға болады. Байланыс телефоны: 8700 246 40 77, 8 776 701 21 91
03 қараша 2020 ж. 420 0