Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№93 газет

06 желтоқсан 2025 ж.

№92 газет

02 желтоқсан 2025 ж.

№91 газет

29 қараша 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
» » » Кәсіпкерлік бағытында тұрғындарға кеңес беріледі

Кәсіпкерлік бағытында тұрғындарға кеңес беріледі

Кент әкімінің аппараты 2022 жылғы 29 қыркүйек сағат 10-00 кент мәдениет үйінің (бұрыңғы «Арман» кинотеатрының) ғимаратында кәсіпкерлік тақырыпта ақпараттық-түсіндірме жұмыстарын өткізеді және осы шараға жас кәсіпкерлер мен кәсіпкерлікпен айналысуға ынталы жастарды қатысуға шақырады.

Шара барысында кәсіпкерлікті дамытуға сөзсіз септігін тигізетін тұжырымдамалар, жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік гранттарды беру қағидалары, қайтарымсыз мемлекеттік гранттар беру конкурстарына өтінімдер қабылдау, конкурсқа қатысу шарттары, мотивациялық және осы саладағы басқа да тақырыптар қозғалатын болады.

Кент әкімінің аппараты тиісті сала мамандарына көкейіңіздегі кәсіпкерлікті дамытуға, мемлекеттік бағдарламаларға қатысуға байланысты сауалдарды қойып, жауап алуларыңызға болатынын жеткізеді.

Өткізілетін орны: Кент мәдениет үйінің ғимараты.

Мекен-жайы: Тереңөзек кенті, Қонаев көшесі,8.

Өткізу уақыты: 29.09.2022 жыл, сағат 10-00.

Тереңөзек кенті әкімдігі
28 қыркүйек 2022 ж. 528 0