Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 31 газет

20 сәуір 2024 ж.

№ 30 газет

16 сәуір 2024 ж.

№ 29 газет

13 сәуір 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
» » » Терроризмге қарсы оқу жаттығу шаралары өткізілуде

Терроризмге қарсы оқу жаттығу шаралары өткізілуде

Құрметті Тереңөзек кентінің тұрғындары мен қонақтары!

2022 жылдың 10 маусымы күні сағат 16.00 - 18.00 аралығында ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Қызылорда облысы және Байқоңыр қаласы бойынша департаментінің Терроризмге қарсы орталығы қызметкерлерімен бірлесіп, Қызылорда облысы Сырдария ауданы, Тереңөзек кенті Ғани Мұратбаев көшесінің бойында орналасқан «Сырдария аудандық аграрлы-техникалық колледжі» ғимаратында терроризм актілерін алдын алуға және оның салдарын жоюға бағытталған жоспарлы антитеррористтік оқу-жаттығулары өтуде.

Осыған байланысты кент тұрғындары мен қонақтарынан сабырлық сақтауды және өткізілетін оқу-жаттығуларға түсіністікпен қарауды, қауіпсіздік шараларын сақтауды және оқу-жаттығуларды өткізуге тартылған құқық қорғау органдарының, заңды талаптарын орындауды сұраймыз.

Оқу-жаттығуларды өткізу кезегінде шектеу шаралары өткізілетін болады. Көрсетілген елді мекенде көлік құралдарының, қозғалысын ішінара шектеу мүмкін болады.




Сырдария аудандық жедел штаб
10 маусым 2022 ж. 614 0