Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

ХАБАРЛАНДЫРУ

Құрметті «Титов» ықшам ауданының тұрғындары мен қонақтары!
2019 жылдың 19 наурыз күні Қызылорда қаласында антитеррорлық оқу-жаттығу жұмыстары жүргізілуде.
Іс-шараның мақсаты – террорлық қауіп төнген жағдайда мемлекеттік органдардың өзара іс-қимыл жасауының дағдыларын қалыптастыру.
15:00-18:00 уақыт аралығында облыс орталығының белгіленген аудандарында шектеу енгізіледі.
Осы орайда, түсіністік танытып, алаңдатушылыққа бой алдырмай, қауіпсіздік шараларын сақтап, оқу жаттығу жұмыстарына қатысатын құқық қорғау органдары қызметкерлерінің заңды талаптарын сақтауларыңызды сұраймыз.
19 наурыз 2019 ж. 1 004 0