Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » АСЫЛ ТҰҚЫМДЫ ҚОЙЛАР АУКЦИОНҒА ТҮСТІ

АСЫЛ ТҰҚЫМДЫ ҚОЙЛАР АУКЦИОНҒА ТҮСТІ

Алматы облысындағы Мыңбаев ауылында асыл тұқымды қойлар аукционмен сатылып жатыр, – деп хабарлайды baq.kz тілшісі.

Бұл шара Қазақстан Қой шаруашылығы мамандығының ІІ съезі аясында ұйымдастырылған.

Аукционға алғашқы болып Иль де Франс етті қойы шығарылды. Оның бастапқы құны 50 мың теңгеге бағаланды, алайда бәссауда кезінде 60 мың теңгеге сатылды.

СПК Племзавод "Алматы" асыл тұқымды кооперативінің зоотехнигі Азиз Саудабаев Иль де Франс асыл тұқымды қошқарлады Белоруссиядан сатып алғандарын айтады.

"Бұл негізінен француздардың етті әрі жүні бағалы қойы. Алғаш рет 2017 жылы қошқарлады сатып әкеліп жергілікті меринос қойлармен будандастырдық. Содан туған тоқтылады бүгін әкеп отырмыз. Салмақтары 75-76 келі тартады. Ал үлкен қойлардың салмағы 135 келі. Бұл қойлар бізге тез жерсініп кетеді әрі ерекше күтімді қажет етпейді", - дейді ол.

Аукцион барысында кейбір асыл тұқымды қойлар 200 мың теңгеге дейін сатылды.
29 тамыз 2019 ж. 906 0