Конституция
Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№50 газет

04 шілде 2026 ж.

№49 газет

30 маусым 2026 ж.

№48 газет

27 маусым 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
» » МҰҒАЛІМДЕРДІ АРТЫҚ ЖҰМЫСҚА ТАРТҚАНДАР ҚАНША АЙЫППҰЛ ТӨЛЕЙДІ?

МҰҒАЛІМДЕРДІ АРТЫҚ ЖҰМЫСҚА ТАРТҚАНДАР ҚАНША АЙЫППҰЛ ТӨЛЕЙДІ?

Мұғалімдерді өзіне тән емес қызметке тартқандарға 120 АЕК-ке дейін айыппұл салынады. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында «Педагог мәртебесі туралы» заң жобасын таныстырған ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Педагогтың жүктемесін қысқарту бойынша жеке нормалар көзделген. Бұл орайда, мұғалімнің кәсіби фракциясына кірмейтін міндеттерді жүктеуге, шамадан тыс есеп беруге, негізсіз тексерулер жүргізуге тыйым салынатын болады. Құқық бұзушылық субъектісіне байланысты мұғалімдерді өзіне тән емес функцияларға және артық есеп беруге тартқаны үшін 20-дан 120 АЕК-ке дейін айыппұл салу заң жобасында қарастырылған», - деді министр.



27 тамыз 2019 ж. 778 0