Конституция
Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№50 газет

04 шілде 2026 ж.

№49 газет

30 маусым 2026 ж.

№48 газет

27 маусым 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
» » АЛЛА ДЕП ЖАЗЫЛҒАН ГАЗЕТ ӨРТЕНБЕЙ ҚАЛҒАН СЕБЕБІ

АЛЛА ДЕП ЖАЗЫЛҒАН ГАЗЕТ ӨРТЕНБЕЙ ҚАЛҒАН СЕБЕБІ

Атыраудағы Махамбет атындағы академиялық драма театрының ғимаратында болған өрт кезінде Алланың аты жазылған газет қиындысы өртенбей қалған, хабарлайды Kyzylorda-news.kz.  Аталған газет қиындысын өрт сөндірушілердің бірі тауып алған.
Өртенбей қалған газет қиындысының жоғарғы тұсында Құран кітабы мен тәспінің суреті бейнеленген. Бұл көрнекі сурет Анара Қасымова (Алматы қаласы) авторы ретінде жазылған діни мақалаға берілгені байқалады.
Ал, осы суреттің астында «Кешір, Алла!» атты
7 шумақтан тұратын өлең берілген. Өлеңнің авторы – Маркиза Базарбаева, Алматы қаласынан деп көрсетілген.
Газеттің қалған жарты бөлігінен «Бокс қолғабыңды жоғалтпа, бауырым» деп аталатын мақаланы да көруге болады. Діни мақаланың және аталған өлеңнің авторлары Алматы қаласынан деп көрсетілгеніне қарағанда, бұл республикалық басылым болуы керек.
Өрт сөндірушінің қолынан бұл газеттің қиындысын көрген жергілікті тұрғындар «Алланың құдіреті шексіз екендігін осыдан-ақ көруге болады» деп таңданыстарын жасыра алмаған.

27 тамыз 2019 ж. 1 515 0