ХАЛЫҚТЫ ТОЛҒАНДЫРҒАН МӘСЕЛЕ

"Жемқорлық және оның салдары" тақырыбында өткен іс-шараға бюджеттік сала қызметкерлері, ауылдық ардагерлер кеңесінің мүшелері, белсенді жастар мен ауыл тұрғындары қатысты.
Дөңгелек үстелде қоғамдық кеселдің соңы өкінішпен аяқталатыны туралы мысалдар айтылды. Тақырыпты лекциялар оқылды.
Сонымен қатар, А.Тоқмағамбетов ауылдық округінде мектеп оқушылары арасында кіші футболдан жарыс өтті. Оқушылар өздерінің сыбйлас жемқорлыққа қарсы екенін спорттық іс-шараға белсене қатысу арқылы дәлелдеді.
Шараға қатысушылар "Алғыс хатпен" марапатталды.
Б.ОРДАБЕКОВ