Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№3 газет

13 қаңтар 2026 ж.

№2 газет

10 қаңтар 2026 ж.

№ 1 газет

06 қаңтар 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
» » МЕКТЕПКЕ ӘЛІППЕ ҚАЙТАРЫЛАДЫ

МЕКТЕПКЕ ӘЛІППЕ ҚАЙТАРЫЛАДЫ

"Әліппе" Ахмет Байтұрсыновтың қазақ тіліне бейімделген әдістемесі негізінде енгізіледі.

Қазақстан мектептеріне әліппе қайтарылады. Бұл туралы бүгін білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мәлімдеді, деп хабарлайды tirshilik-tynysy.kz Sputnik Қазақстан сайтына сілтеме жасап. 

"Ұстаздар болсын, ата-аналар болсын көптен әліппе мәселесін көтеріп жүр. Бұл мәселе өте маңызды. Біз Әліппені қайтару керек деп есептейміз. Ол 2021 жылы, өздеріңізге жақсы таныс, қазақ тіліне бейімделген Ахмет Байұрсыновтың әдістемесі негізінде енгізілетін болады", - деді министр тамыз конференциясында. 

"Әліппе сынақ өткізетін алаң емес. Бізде нақты қазақ тіліне бейімделген әдістеме бар. Ол Ахмет Байтұрсыновтың әдістемесі. Сондықтан ештеңені ойдан шығармай, осы әдістеме негізінде жұмыс жүргіземіз", -деді ведомство басшысы.


16 тамыз 2019 ж. 940 0