Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Алматыда «Әдебиет теориясы» жарық көрді

Алматыда «Әдебиет теориясы» жарық көрді

Алматыда кіріспе және 4 томдық антологиядан тұратын «Әдебиет теориясы» жинағы таныстырылды.

«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы аясында аударылып, басылған еңбекке сонау ХІХ ғасырдан бастап бүгінгі күнге дейінгі әдебиет теориясы туралы 70-тен аса шетелдік автордың зерттеулері енген. «Бұл оқулықтың қазақ тілінде жарыққа шығуы – қазақ әдебиеттану ғылымындағы тың серпін», – дейді ғалым Амантай Шәріп.

ХХ ғасырда Ахмет Байтұрсыновтың «Әдебиет танытқыш» еңбегінен басталған еліміздің әдебиет теориясы Қажым Жұмалиев, Зейнолла Қабдолов, Зәки Ахметов сынды ғалымдардың іргелі зерттеулерімен толықты.«Әдебиет жаңаланған тұста әдебиет теориясының өзгеруі заңдылық», – дейді ғалымдар.

Амантай Шәріп, ф.ғ.д. ҚР ҰҒА корреспондент мүшесі:

– Мұның үлкен жаңалығы – ғылым Батыста қазір пәнаралық байланыс негізінде дамиды. Бұл тек гуманитарлық ғылымдардың арасындағы байланыс емес, сонымен бірге гуманитарлық ғылымдар мен жаратылыстану ғылымдарының арасындағы байланыстың негізінде жаңа бір ғылым салалары өрісін ашып отыр. Батыста эволюциялық әдебиет теориясы немесе дарвиндік әдеби сын деген ұғым бар. Бұл әдебиетті, әдебиеттануды биологиямен ұштастырудың негізінде пайда болып отыр.


 https://24.kz

21 маусым 2019 ж. 1 205 0