Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » БЕЛІ МАЙЫСАТЫНДАЙ ЖҮК АРТЫЛДЫ

БЕЛІ МАЙЫСАТЫНДАЙ ЖҮК АРТЫЛДЫ

«Жастар – біздің болашағымыз» деп жатамыз. Осы бір үмітке толы сөздің қаншалықты салмағы мен маңызы бар екеніне кейде терең мән бере қойматынымыз да бар. Жастар кейде аяғын шалыс басса, жерден алып жерге салып жатамыз. Әрине, бұның бәрі – жастар өзіміз ойлаған, көбіміз армандаған биіктен ғана көрінсін деген игі тілектен болар. Дегенмен біз жастарға сенуіміз керек. Мәңгілік еліміздің ертеңгі күні тізгінін ұстар – бүгінгі жастар екені айтпаса да түсінікті. Біз сенім артып, жүк артсақ бүгінгі жастар ол сенімді ақтайтына сенемін. Себебі, кез келген мемлекеттік бағдарламалар мен жобалардың басы-қасында жүрген жастар екенін көріп жүрміз. Оның ішінде аудан жастары атқарып жастқан игі істерді көріп, көңіліміз жайланады. Қоғамдағы мәселелерге бейжай қарамай өздерінің пікірлерін білдіріп, оны шешуге өз күш-жігерлерін салып жүр. Оған қоса жастардың лайықты білім, саналы тәрбие алуына, өмірден өз орнын табуына мемлекет тарапынан да тұрақты қолдау қажет. Сонда ғана мәңгілік елдің саналы ұрпағы көбейері сөзсіз. Болашақтың кілтін ұстар бүгінгі жастардың келешегі кемел, бақыттары баянды болсын демекпіз.

Бағдат ЕСНАЗАР,
аудан мәслихатының депутаты
10 тамыз 2019 ж. 459 0