Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » АЙТУЛЫ СЫЙЛЫҚТЫ ҚАНЖЫҒАСЫНА БАЙЛАҒАН КІМДЕР?

АЙТУЛЫ СЫЙЛЫҚТЫ ҚАНЖЫҒАСЫНА БАЙЛАҒАН КІМДЕР?

Өткен жылы елбасы н.назарбаевтың «болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласынан туындайтын  «атамекен» кіші бағдарламасы аясында  «жомарт жүрек» сыйлығын беру республика бойынша қолға алынған болатын. Аталмыш сыйлықты берудегі мақсат білім, ғылым, мәдениет, қоғам, медицина, спорт саласына қолдау көрсеткен азаматтарды және туған жері мен елін, ауыл-аймағын өркендетуге үлес қосып, қамқорлық танытып, мұқтаж жандарға қайырымдылық жасаған жомарт жүректі әрбір жанды, меценатты, бизнес-құрылым өкілдерін, ұйымдарды, еріктілерді ерекше құрметтеу болып табылады. Жыл сайын дәстүрге айналған марапаттау рәсімі аудан көлемінде өзіндік қолтаңбасын қалдырып келе жатқан кез келген азаматты жұртышылыққа танытып келеді.

Кеше әкімдікте «Жомарт жүрек» сыйлы­ғының биылғы жеңімпаздары анықталып, олар­ға құрмет көрсетілді. Салтанатты шараға аудан әкімінің орынбасары Е.Ахетов,дербес бөлім және мекеме басшылары, сала мамандары, аудан ардагерлері мен тұрғындары қатысты. Өз кезегінде Е.Дәуітбекұлы барлық жеңімпазды құттықтады.
– Отанға деген сүйіспеншілік алдымен туған жерге деген сүйіспеншіліктен басталады. Елбасы мақаласында бағдарламаны жүзеге асыруға елім деген әр азаматтың үлес қосуы  керектігі айтылады. Осы орайда, «Атамекен» кіші бағдарламасы аясында «Мектепке тағзым», «Өмір баға жетпес сый», «Мейірім әуені», «Жомарт жүрек» акциялары  аясында өткізілген шаралар болашақта еліне жаңашыр, жерін, Отанын шын сүйетін ұрпақтардың тәрбиеленіп шығуына септігін тигізетіне кәміл сенемін, – деді Ерлан Дәуітбекұлы.

Биыл «Жомарт жүрек» сыйлығының «Жыл меценаты» номинациясына «Мәди Қажы» ЖШС-нің төрағасы Сейіткамал Сұлтанов ие болды.  Аталған ұжымның төрағасы туған жерінде ірі әлеуметтік жобаларды іске асырып, аз қамтылған және көп балалы отбасыға, мүмкіндігі шектеулі жандарға, ардагерлерге тұрақты көмек көрсетіп келеді. Ерекше айта кететін жайт, №129  І.Жәмішов атындағы мектебіне балаларды тасымалдауға арналған «Hyundai Grand Starex» микроавтобус автокөлігін сыйлыққа берген болатын. Алдағы уақытта да Шіркейлі ауылының дамуына өз үлесін қосып, тұрғындардың әлеуетін көтеруге жұмыс істемек. «Туған өлке» номинациясының иегері Жұмабай Әубәкір Бесарық ауылының тұрғыны. Ол ауыл тарихында ерекше орны бар тұлғаларды, рухани құндылықтарды кеңінен дәріптеп келеді. Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану музейімен бірлесіп «Village life»
Бесарық ауылының тарихын, қазақ халқының салт-дәстүрлерін, ұлттық тағам, домбыра, қобыз әуендерін танытуда орасан жұмыс атқаруда. «Жыл тұлғасы» номинациясы  биыл  Болат Дүзімбетовке бұйырды. Әркез елді мекенді абаттандыруға, мәдениет, білім беру және спорт салаларына  демеушілік көмек көрсетуге бағытталған әлеуметтік жобаларды үнемі іске асыруда. Аз қамтылған отбасыларға, көпбалалы отбасыларға, зейнеткерлерге үнемі қайырымдылық көмек көрсетіп, қамқорлық жасауда. Ауданның қоғамдық өміріне белсене араласып, бірнеше азаматты тұрақты жұмыспен қамтып отырған жайы бар. Ал «Жылдың үздік ұйымы» номинациясына  «Қызылдихан» шаруа қожалығы лайық деп танылды. Төрағасы – Алданберген Құлбаев. Қашанда ұжымның белсенділігі әлеуметтік маңызы бар бар түрлі жобаны қолға алып, қайырымдылық көмек берудің жаңа тиімді түрлерін енгізуде. Сонымен қатар  қоғамдық маңызы бар шараларды ұйымдастырып келеді. «Ерен еріктілік» номинациясымен Өмірзақ Есболатов
марапатталды. Жастар ісі жөніндегі маман қызмет атқару барысында жастардың күш-жігерін дамыту мақсатында көптеген әлеуметтік, спорттық, мәдени және қайырымдылық шаралар ұйымдастырып, өз ауылының жүзге жуық жастарын  қамтыды. Болашақта өзінің қарым-қабілеті арқылы өз жұмысын жалғастыра бермек. Ерікті Айдарлы ауылының жас маманы.
«Жомарт жүрек» сыйлығын алған азаматтар келешекте өз жұмыстарының ауқымын кеңейтіп, елге қамқор болуға барынша күш салатындарын жеткізді. Кент ардегерлер кеңесінің төрағасы Муса Келдібаев, барша марапат иелерін құт­тықтап, ізгі тілегін жеткізді.


























Б.ОРДАБЕКОВ

10 тамыз 2019 ж. 965 0