Тіршілік тынысы Сырдария аудандық қоғамдық-саяси газет

PDF нұсқалар мұрағаты

№80 газет

15 қазан 2019 ж.

№79 газет

12 қазан 2019 ж.

№ 78 газет

08 қазан 2019 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
» » Миллион теңгеге ие болғыңыз келе ма?

Миллион теңгеге ие болғыңыз келе ма?

Оңтүстікен солтүстікке көшкендерге мемлекеттен қанша қаржы бөлінетіні белгілі болды.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі оңтүстіктен солтүстікке көшетіндерге қанша ақша бөлінетінін түсіндірді.

Төлемдерді толығымен алуға болады
Бірінші вице-министр Ержан Жылқыбаевтың айтуынша, алдымен үйді көшіруге кететін шығындарға бір реттік төлем беріледі. Оның көлемі – отбасының әрбір мүшесіне 88 000 теңге.

"Бұдан бөлек, баспананы жалдауға және коммуналдық қызметтерді төлеуге 30 айлық есептік көрсеткіш – 75 750 теңге қарастырылған. Бұл ақша ай сайын бір жыл бойы төленеді. Сондай-ақ, көшіп келген адамдарды жұмысқа алған мекемелерге субсидия бөлініп тұрады", - деді Жылқыбаев үкімет үйінде өткен баспасөз мәслихатында.
Оның сөзіне қарағанда, баспананы жалдауға берілетін ақшаны толығымен алуға да болады.

"Егер көшіп барған адам сатып алуға үй тапса, өтініш жазып, он екі айға берілетін қаржыны бірден алса да болады. Ол ақшаның көлемі 1 миллионға жуықтайды. Өзінің ақшасын қосып, үй аламын десе, бюджеттің қаржысы бірден аударылады. Мысалы, ауылдарда үй арзан", - деп атап көрсетті Жылқыбаев.
2 мыңнан астам отбасы солтүстікке көшіріледі
Ресми мәліметке сәйкес, биыл 2 250 отбасыны оңтүстіктен солтүстікке көшіру жоспарланған. Олардың жалпы саны – 10 000 адам. Осы уақытқа дейін 1 050 отбасы немесе 4 000 адам көшірілді. Олардың 60 проценті жұмысқа орналастырылды.

Осы бағдарлама аясында "Нұрлы Ертіс" жобасы қолға алынып, елорданың көпбалалы отбасылары Екібастұз қаласына қоныс аударып жатыр.

Жыл басынан бері "Нұрлы Ертіс" пилоттық жобасымен 103 көпбалалы отбасы Екібастұзға көшіп барған. Олардың барлығы баспанамен қамтылды. Еңбекке жарамды адамдардың 80 проценті жұмысқа тұрғызылды. Балаларға балабақша мен мектептен орын берілді.

"Жыл соңына дейін Нұр-Сұлтан қаласынан тағы 200-ден астам отбасы Екібастұзға көшіріледі. Пилоттық жоба аясында Солтүстік Қазақстанға 3 миллиард теңге бөлінді. Осы ақшаға көшіп келетін адамдарға 428 арендалық тұрғын үй салынады", - дейді Жылқыбаев.
04 тамыз 2019 ж. 88 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам