Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

КҮМӘН

Ерлі-зайыпты екеу дастархан басында ас ішіп отырған болатын. Кенет сыртқы есік ашылды. Келген көрші Сәпок екен. Бір кезде әйел өздігінен есіней жөнелді. Сәпок арада аз уақыт өтпей оныкін қайталады.
Күйеуі әп-сәтте екеуінен күмәнданып қалды. Әйелі ақталып әлек. – Бөтен еркекпен қандай белгің бар. – Ешқандай. – Сенбеймін. Көрші  болса, түсінер емес. Болмашыдан туындаған жанжал. Ақыры әйелі үйіне кетті.
Жұмыс үстелінде көзі ілініп кеткен ол жанындағы адамды сезбей қалды. Қағазға қол қойдырмақшы болған хатшы қыз екен. Заматында екеуі есінеп сала берді. Есіктің сыртында әйелі сығалап тұрған еді.
Әйелін көргенде оның алғаш айтқан сөзі: – Мені кешір.

Балтабай ОРДАБЕКОВ
29 шілде 2019 ж. 705 0