Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Тазалық өзімізге қажет

Тазалық өзімізге қажет

ҚР Премьер-Министрі А.Ұ.Мамин Нұр-Сұлтан қа­ласының маңындағы Қоянды су қоймасында «Бір­ге – Таза Қазақстан» атты қойманы тазалау жө­ніндегі акцияға қатысты. Үкімет басшысы осындай акцияны республиканың барлық аумағында өткізу жөнінде тапсырма беріп, оған барлық аумақтың әкімдері мен экологиялық белсенділерді, еріктілерді қатыстыру керек деп атап өтті. Бұл акцияның арқасында еліміздегі өзен-көлдер мен су қоймаларының аймақтары түрлі қалдықтардан тазаланып, экологиялық жағдайдың жақсаруына әкеп соғады деген болатын.
Республикалық акцияға алғашқылардың бірі болып қызылордалықтар қолдау білдірді. Жа­қында облыс әкімі Арал ауданында акцияға қатысып, сырбойылықтарды шараны өткізуге бел­сенділік танытуға шақырды. Осы орайда аудан тұрғындары да акцияға белсене қатысуы тиіс. Мұның нәтижесінде су айдындары қоқыстан тазарып, табиғатқа пайдамыз тимек. Айналып келгенде өзен-көл, су қоймаларының таза болуы өзімізге қажет. Сондықтан аудан жас­тары мен экология белсенділерін, еріктілерді, сырдариялықтарды ак­цияға белсене қатысуға шақырамын.

Ғалымжан Қалдыбеков,
кәсіпкер
27 шілде 2019 ж. 667 0