ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТ - ЕЛБАСЫ МӘРТЕБЕСІ
Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы осы жылдың наурызында президент ретінде өкілеттігін тоқтатқанымен, айрықша құзыреттерге ие болып қалды. Sputnik Қазақстан Нұрсұлтан Назарбаевқа берілген өмірлік мәртебелерді санамалап шықты.
Конституциялық заңда Назарбаевтың саяси-құқықтық мәртебесі, Қазақстан Президентінің өкілеттіктерін тоқтатқаннан кейінгі де айрықша құзыреттері мен кепілдіктері айқындалған.
"Қазақстан мемлекеттілігін құрудың бастауында тұрған және демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде егемен Қазақстанды дамытуға аса зор үлес қосқан Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Елбасы болып табылады", - делінген заңда.
Заңға сәйкес, Елбасына Қазақстан Президенті болып сайлану құқығына шектеу қолданылмайды.
Бұған қоса, Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасына оның тарихи миссиясына байланысты өмір бойы:
Қазақстан халқына, мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдарға мемлекеттік құрылыстың, елдің ішкі және сыртқы саясаты мен қауіпсіздігінің аса маңызды мәселелері бойынша тиісті мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдар міндетті түрде қарауға жататын бастамалар жасауға;
Парламент пен оның палаталарының алдында, үкімет отырыстарында ел үшін маңызды мәселелерді талқылау кезінде сөз сөйлеу; Қазақстан халқы Ассамблеясын басқару; Қауіпсіздік кеңесін басқару; Конституциялық кеңестің құрамына кіру құқығы тиесілі.
"Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентіне – Елбасына оның тарихи миссиясына байланысты қауіпсіздік кеңесін төраға ретінде басқару құқығы өмір бойы тиесілі", - деп жазылған заңда.
Қауіпсіздік кеңесінің құрамын Қазақстан Президенті Қауіпсіздік кеңесінің төрағасымен, яғни Нұрсұлтан Назарбаевпен келісе отырып жасақтайды.
Қауіпсіздік кеңесі елдің ұлттық қауіпсіздігі мен халықаралық ұстанымдарын, мемлекеттің қорғаныс қабілетін, заңдылық пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету саласында мемлекеттік органдар мен ұйымдардың, сондай-ақ, құқық қорғау және арнайы мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіреді.
Мемлекеттік органдар, ұйымдар мен лауазымды адамдар Қауіпсіздік кеңесінің төрағасы қабылдаған шешімдерді мүлтіксіз орындауға міндетті. Барлық шешім қауіпсіздік кеңесінің төрағасы бекіткеннен кейін күшіне енеді, қажет болған кезде Қазақстан Президентінің актілерімен жүзеге асырылады.
Бұл бастаманы Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған ұсынған екен. Түркі кеңесіне мүше мемлекеттердің көшбасшылары Назарбаевтың 1990 жылдардың басынан бері Түркі әлемін жақындастыруға және түркі ұйымдары – Түркі кеңесі, Түркітілдес мемлекеттердің парламенттік ассамблеясы және Түркі академиясын құруға қосқан зор үлесін ескеріп, Ердоғанның бастамасына қолдау білдірді.
Назарбаевқа Құрметті президент мәртебесі қазан айында Түркі кеңесінің жетінші саммитінде ресми түрде беріледі.
25 жыл бұрын Нұрсұлтан Назарбаев алғаш рет еуразиялық интеграция идеясын ұсынды, ал бес жыл бұрын бұл бастама жүзеге асты. ЕАЭО туралы шартқа 2014 жылдың 29 мамырында Астанада (қазіргі Нұр-Сұлтан) Ресей, Беларусь және Қазақстан президенттері қол қойған еді. Құжат 2015 жылдың 1 қаңтарынан күшіне енді. Кейін шартқа Армения мен Қырғызстан қосылды.
Бұл мәртебелерден бөлек, Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясы мен "Nur Otan" партиясының төрағасы, Конституциялық кеңестің мүшесі.
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы (Ұлт көшбасшысы);
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Бас Қолбасшысы;
Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің төрағасы;
Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының төрағасы;
Қазақстан халқы Ассамблеясының төрағасы;
«Нұр Отан» партиясының төрағасы;
Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Шетел инвесторлары кеңесінің төрағасы;
Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Кәсіпкерлер кеңесінің төрағасы;
Қазақстан Республикасы Ұлттық қорын басқару жөніндегі кеңестің төрағасы;
Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Астананың сәулет кеңесінің төрағасы;
Назарбаев Университеті Жоғары қамқорлық кеңесінің төрағасы.
Тұңғыш Президент – Елбасы мәртебесі
Президенттік өкілеттігін тоқтатқаннан кейін Нұрсұлтан Назарбаев өмір бойына Тұңғыш Президент – Елбасы мәртебесіне ауысты. Бұл саяси-құқықтық мәртебе "Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы туралы" конституциялық заңымен бекітілген. Заң 2000 жылы шілде айында қабылданған болатын, ал 2010 және 2017 жылдары өзгерістер енгізілді. Оның ішінде бастапқыдағы "Тұңғыш Президент" саяси-құқықтық мәртебесі Елбасы мәртебесімен кеңейтілді.Конституциялық заңда Назарбаевтың саяси-құқықтық мәртебесі, Қазақстан Президентінің өкілеттіктерін тоқтатқаннан кейінгі де айрықша құзыреттері мен кепілдіктері айқындалған.
"Қазақстан мемлекеттілігін құрудың бастауында тұрған және демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде егемен Қазақстанды дамытуға аса зор үлес қосқан Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Елбасы болып табылады", - делінген заңда.
Заңға сәйкес, Елбасына Қазақстан Президенті болып сайлану құқығына шектеу қолданылмайды.
Бұған қоса, Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасына оның тарихи миссиясына байланысты өмір бойы:
Қазақстан халқына, мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдарға мемлекеттік құрылыстың, елдің ішкі және сыртқы саясаты мен қауіпсіздігінің аса маңызды мәселелері бойынша тиісті мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдар міндетті түрде қарауға жататын бастамалар жасауға;
Парламент пен оның палаталарының алдында, үкімет отырыстарында ел үшін маңызды мәселелерді талқылау кезінде сөз сөйлеу; Қазақстан халқы Ассамблеясын басқару; Қауіпсіздік кеңесін басқару; Конституциялық кеңестің құрамына кіру құқығы тиесілі.
Өмір бойы Қауіпсіздік кеңесін басқарады
Былтыр 5 шілдеде Нұрсұлтан Назарбаев оған Қазақстанның қауіпсіздік кеңесін өмір бойы басқару құқығын беретін жаңа заңға қол қойды. Осылайша, консультативтік-кеңесші органның мәртебесін конституциялық деп өзгертті."Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентіне – Елбасына оның тарихи миссиясына байланысты қауіпсіздік кеңесін төраға ретінде басқару құқығы өмір бойы тиесілі", - деп жазылған заңда.
Қауіпсіздік кеңесінің құрамын Қазақстан Президенті Қауіпсіздік кеңесінің төрағасымен, яғни Нұрсұлтан Назарбаевпен келісе отырып жасақтайды.
Қауіпсіздік кеңесі елдің ұлттық қауіпсіздігі мен халықаралық ұстанымдарын, мемлекеттің қорғаныс қабілетін, заңдылық пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету саласында мемлекеттік органдар мен ұйымдардың, сондай-ақ, құқық қорғау және арнайы мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіреді.
Мемлекеттік органдар, ұйымдар мен лауазымды адамдар Қауіпсіздік кеңесінің төрағасы қабылдаған шешімдерді мүлтіксіз орындауға міндетті. Барлық шешім қауіпсіздік кеңесінің төрағасы бекіткеннен кейін күшіне енеді, қажет болған кезде Қазақстан Президентінің актілерімен жүзеге асырылады.
Түркия президенті ұсынған тағы бір өмірлік мәртебе
Жуырда Нұрсұлтан Назарбаевқа Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастығы кеңесінің өмір бойғы құрметті төрағасы мәртебесі берілгені белгілі болды.Бұл бастаманы Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған ұсынған екен. Түркі кеңесіне мүше мемлекеттердің көшбасшылары Назарбаевтың 1990 жылдардың басынан бері Түркі әлемін жақындастыруға және түркі ұйымдары – Түркі кеңесі, Түркітілдес мемлекеттердің парламенттік ассамблеясы және Түркі академиясын құруға қосқан зор үлесін ескеріп, Ердоғанның бастамасына қолдау білдірді.
Назарбаевқа Құрметті президент мәртебесі қазан айында Түркі кеңесінің жетінші саммитінде ресми түрде беріледі.
Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің құрметті төрағасы
Ал Еуразиялық экономикалық одаққа мүше елдердің басшылары Нұрсұлтан Назарбаевқа Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің құрметті төрағасы мәртебесін беру шешімін шығарды. Қазақстанның Тұңғыш Президенті құрметті мәртебені еуразиялық интеграция туралы идеяның авторы ретінде алып отыр.25 жыл бұрын Нұрсұлтан Назарбаев алғаш рет еуразиялық интеграция идеясын ұсынды, ал бес жыл бұрын бұл бастама жүзеге асты. ЕАЭО туралы шартқа 2014 жылдың 29 мамырында Астанада (қазіргі Нұр-Сұлтан) Ресей, Беларусь және Қазақстан президенттері қол қойған еді. Құжат 2015 жылдың 1 қаңтарынан күшіне енді. Кейін шартқа Армения мен Қырғызстан қосылды.
Бұл мәртебелерден бөлек, Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясы мен "Nur Otan" партиясының төрағасы, Конституциялық кеңестің мүшесі.
Н.Назарбаев қандай жоғары лауазымдарды иеленді?
Қазақстанның Тұңғыш Президентінің дербес парақшасында Нұрсұлтан Назарбаевтың мынадай лауазымдық мәртебелері атап көрсетілген:Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы (Ұлт көшбасшысы);