Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » БҚО-ның медициналық ұйымдарына 145 жас маман тартылды

БҚО-ның медициналық ұйымдарына 145 жас маман тартылды

Батыс Қазақстан облысының медициналық ұйымдарына 145 жас маман тартылды. Оның 75-сі ауылдардағы емхана, ауруханаларға бағытталады, деп хабарлайды «Хабар 24». Бұл өңірдегі дәрігер жетіспеушілігін азайтуға сеп болып отыр. Бүгінгі таңда аймақтың емдеу мекемелерінде 398 маманның орны бос. Әсіресе, акушер-гинеколог, реаниматолог, анестезиолог және кардиологтар тапшы. Ағымдағы жылы 222 мейірбикені біліктілік арттыру курсынан өткізу үшін жергілікті бюджеттен 370 миллион теңге бөлінген. Медициналық ұйымдардың 28 меңгерушісі Алматы бизнес университетінде арнайы жолдамамен оқытылып жатыр. «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша жыл басынан бері 96 жас маманға мемлекеттік қолдау көрсетілді. Одан бөлек, 48 дәрігер баспаналы болды. Ауыл-аймақта қызмет етуге ниетті тағы 75 дәрігерге қосымша әлеуметтік көмектер қаралып отыр. Айзада Шүкірғалиева, БҚО Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары: - Облыстық маслихаттың шешімімен ауылға биыл барып жұмыс істейтін балаларға, жас мамандарға әлеуметтік қолдау ретінде ережелер бекітілді. Енді әр ауылға барып істеген жас маманға 1 миллион теңге көлемінде оларға әлеуметтік пакет көмек ретінде беріледі. Оған біз жергілікты бюджеттен келесі мәслихаттың сессиясында қаражат сұрайтын боламыз 75 миллион теңге қаражат. Осы категория бойынша: « Елордалық бейәлеуметтендіру орталығы 900-ден астам адамға көмек көрсетті.

24.kz
12 шілде 2019 ж. 520 0