СЕРПІН БЕРЕРІ СӨЗСІЗ
Осыдан 6 жыл бұрын, яғни 2013 жылы облыс әкімінің тікелей қолдауымен “Ақмешіт жастары” басылымы жарық көрген болатын. Аталмыш басылым облыс жастарына үлкен серпін бергені белгілі. Жарық көрген уақыттан бастап басылымның оқырмандары көбейіп, жастардың нағыз айнасына айналып үлгерді.
Кеше облыстық “Жастар” ресурстық орталығы базасында “Ақмешіт жастары достарын шақырады” атты облыс жастарының форумы өтті. Форум жұмысы пікір таласқа толы болды. Сан саладан келген жастар пікірлері мен ұсыныстарын ортаға салды. Қазіргі таңдағы жастар саясатына қатысты ақпараттандыру жұмыстарын талқылады. Бұл орайда, газет ұжымы мен жастар саясатын ақпараттандыру мақсатына арнайы бет ұйымдастыруға келісті. Бұған қатысты ауданда жүйелі жұмыс жасалмақ. Ауданның белсенді жастарына қолдау көрсету мақсатында облыстық жастар газетімен тығыз жұмыс жасайтын боламыз.
Ғани ОРАЛОВ
аудандық “Жастар” ресурстық
орталығының директоры