Жемқорлықсыз ел гүлденген ел
Сыбайлас жемқорлық – әлеуметтік-экономикалық процесті баяулататын және дамуына кері әсер ететін, елдің болашағына айтарлықтай қауіп төндіретін құбылыс. Онымен күресу бүгінгі күннің күрделі мәселесі болып отыр. Сыбайлас жемқорлықпен күрес барша азаматтың міндетіне айналып, осы қауіпті кеселден құтылудың шаралары жасалып келеді.
Елімізде сыбайлас жемқорлықпен күрестің 2015-2025 жылдарға арналған бағдарламасы қабылданып, ауқымды жұмыстар жүргізілуде.Соның айқын дәлелі – мемлекет басшысының елімізде жемқорлықтың дендеп кеткеніне алаңдаушылық білдіріп, мұның қоғамға қауіпті дерт екенін, жемқорлықтың ұлттық қауіпсіздік пен мемлекеттің болашағына нұқсан келтіретінін айтып, биліктің жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жоспарының жеті негізгі міндетін атап өтті.
Біріншіден, азаматтардың құқығын қорғау. Ешкімнің де заңнан биік емес екендігі.
Екіншіден, қоғамда жемқорлыққа мүлдем төзбеушілікті қалыптастыруды шарт етті. Көпшіліктің жемқорлыққа қатысты құқықтық сауатын арттыру жұмыстарын күшейтуді Әділет министрлігіне тапсырды. Сонымен қатар еліміздің болашағы балаларды ерте жастан жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздеріне баулуды қолға алу.
Үшіншіден, қоғамдық бақылауды күшейту. Жер учаскісін беру, балабақшадан кезек алу сияқты мәселелердің бәрі де қоғамдық бақылау негізінде жүзеге асуы шарт.
Төртінші шара, бюджеттік саясаттың ашықтығы.
Бесінші кезекте жемқорлыққа қарсы саясатта өңірлердің рөлін күшейту қажеттілігі айтылды. Әрбір елді мекеннің өз бюджетіне қарай төртінші деңгейлі бюджет құруды аяқтау.
Алтыншы міндет – мемлекеттік қызмет көрсетуді үдемелі цифрландыру. Тұрмыстық жемқорлықты жоюдың бірден-бір көзі – мемлекеттік қызмет көрсетуді электронды нұсқаға көшіру.
Жетінші міндет – мемлекеттік сатып алу жүйелерін жетілдіріп, бизнеске әкімшілік қысымды төмендету. Мемлекеттік сатып алуларды орталықтандырып, әлеуметтік саладағы бюджеттік мекеме басшыларын бұл міндеттен босату, сонымен қатар, мемлекеттік функцияларды бәсекелестік ортаға беру керектігі айтылды.
Сонымен қатар Мемлекет басшысы жемқорлық бойынша қол астындағы қызметкерлердің қылмыстық әрекеттері үшін бірінші басшылардың жауапты болатынын тағы бір мәрте қадап айтты.
Қорыта келгенде сыбайлас жемқорлық құқық бузушылыққа қарап жауапкершілікті күшейте отырып, оның алдын-алу, тамырына балта шауып, түбегейлі жою үшін бұл дертпен бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығарып, бірлесіп күресуге шақырамын.
И.СӘРСЕН,
Сырдария аудандық қазынашылық басқармасының операциялық тобының бас маман-бас қазынашысы