Тіршілік тынысы Сырдария аудандық қоғамдық-саяси газет

PDF нұсқалар мұрағаты

№81 газет

19 қазан 2019 ж.

№80 газет

15 қазан 2019 ж.

№79 газет

12 қазан 2019 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
» » Саяжай иелеріне түсіндірме жұмыстары

Саяжай иелеріне түсіндірме жұмыстары

Саяжай маусымының басталуымен біз жыл сайын өрттің және судағы қайғылы жағдайлардың өсуін байқаймыз. Мұндай жағдайлар азаматтардың үй жанындағы аймақты құрғақ шөптен, қоқыстан тазалаған кезде қарапайым өрт қауіпсіздігін және шомылған кезде судағы қауіпсіздік ережелерін сақтамауына байланысты болады. Сонымен қатар Қызылорда облысы ТЖД қызметкерлері демалыс күндері саяжай иелеріне түсіндірме жұмыстары жүргізілуде.
Мангал мен грильді қолдану кезінде өртті болдырмау үшін нені ескеру керек:
- мангал орнын бір өрт сөндіргішпен немесе 10 литрден кем емес мөлшерде суы бар сыйымдылықпен жабдықтау және мангалдан ғимараттарға дейінгі ара-қашықтық 10 метрден кем емес болуы тиіс.
Мангалды орнатуға тыйым салынады:
- ағаштың астында;
- жанатын материалдардан жасалған бастырмалардың астында;
- тұрғын жайларда, сонымен қатар, балкондар мен лоджияларда, шаруашылық құрылыстарда, көлікжайларда, шатырларда.
Жалынды қараусыз қалдыруға болмайды. Тамақ дайындаудан соң жалынды толығымен бықсу басылғанға дейін су құю қажет.
Су айдынында демалғанда не білу қажет:
- рұқсат етілген және арнайы жабдықталған жерлерде шомылыңыз;
- жағадан алыс жүзіп кетпеңіз, егер жүзуді білмесеңіз, белден жоғары суға түспеңіз;
- шомылу кезінде бір-біріңе бас-көз болыңыз, балаларды ересектердің қарауынсыз қалдырмаңыз;
- мас күйінде шомылмаңыз;
- тойып тамақ ішіп, шомылмаңыз, тамақтанғаннан кейін кем дегенде бір сағаттан соң суға шомылуға болады;
- Өзіңе және өзгеге көмек көрсете біліңіз.
Есіңізде болсын! Әрбір адамға ең қымбаты өмір екендігін ұмытпаңыз. Өзіңізді және жақын адамдарыңызды сақтаңыз!

Қызылорда облысы ТЖД
Зілзалалардың қауіп – қатерін
азайту және азаматтық қорғау
саласындағы бақылау басқармасы
18 маусым 2019 ж. 143 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам