Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 31 газет

20 сәуір 2024 ж.

№ 30 газет

16 сәуір 2024 ж.

№ 29 газет

13 сәуір 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
» » Алдағы үш күнде ауа райы қандай болады

Алдағы үш күнде ауа райы қандай болады

Kyzylorda-news.kz. Синоптиктер 13-15 маусым аралығына арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазгидрометке сілтеме жасап.
Солтүстік теңіздерден келетін ылғал және салқын ауаның түсуі жалғасатындықтан ауа райында өзгеріс болмайды. Қазақстанның көптеген облыстарының кей жерлерінде алдағы үш тәулікте найзағай жарқылдап, жаңбыр жауады. Екпінді жел тұрады. Сонымен қатар, күндізгі уақытта бұршақ жауады.
Ауа температурасы қысқа мерзімге жоғарылағанымен, кейін қайта төмендейді. Республикамыздың басым бөлігінде температура орташа көпжылдық мәннен төмен болады. Тек Маңғыстау облысында күн ыстық болады. Өңірде жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.

12 маусым 2019 ж. 461 0