Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№94 газет

09 желтоқсан 2025 ж.

№93 газет

06 желтоқсан 2025 ж.

№92 газет

02 желтоқсан 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
» » Қазақстанда АИ-92 бензині арзандады

Қазақстанда АИ-92 бензині арзандады

Қазақстанда АИ-92 бензині 2 теңгеге арзандады, - деп хабарлайды kolesa.kz. Ең ірі бес компанияның үшеуі АИ-92 маркалы бензинінің бағасын төмендетті. Helios станцияларында 147 теңгенің орнына 145 теңгеге бір литр жанармай құюға болады. Sinooil 149-дан 145 теңгеге бағасын төмендетті. "Газпром" бекетінде бензин бағасы - 146 теңге. Есесіне "ҚазМұнайГаз" және Royal Petrol бекеттерінде баға өзгермеген. "ҚазМұнайГазда" - 149 теңге, ал Royal Petrol - 145 теңге.

Ал дизельдің бағасы еш өзгермеген. Royal Petrol АЖҚС дизельдің бағасы ең төмен. Онда дизельдің литрі 188 теңге. Helios және "Газпромда" дизель құны басқаларға қарағанда жоғары. Онда дизельдің литрі 193 теңге.

kaz.tengrinews.kz
06 маусым 2019 ж. 844 0