Жұлдыздар не дейді?
Тоқты
Сіздің бүгін жіберген қателігіңіз көпшіліктің талқылауына түсіп, айналаңыздағылармен қарым-қатынас қиындай түседі. Бірақ көп уақыт өтпей барлығы өз орнына келеді. Сабырлы болыңыз.
Торпақ
Бүгін қаражат мәселесіне кіріспегеніңіз жөн. Жұмысқа қатысты көп уәде бермеңіз. Сондай-ақ бүгін өзге біреудің жіберген қателігіне сіз жауап беруіңіз мүмкін. Өзгелерді өз сөзіңізге сендіру қиынға соғады.
Егіздер
Түске дейінгі уақыт сіз үшін сәтті болмақ. Өз-өзіңізге деген сенімділік бойыңызға күш беріп, өзгелер шалынған жерден сіз еш кедергісіз өтіп, жетістікке жетесіз. Жұбыңызбен ара-қатынасыңыз жақсы. Бұл тұрғыда ішкі ойыңыз сізді алдамайды.
Шаян
Ішкі эмоцияларыңызды сыртқа шығармағаныңыз жөн. Неғұрлым ішкі сезімдеріңізді сыртқа білдірмесеңіз, соғұрлым дау-дамайдан өзіңізді алыс ұстайсыз. Дәл қазіргі сәтте сізді біреу түсініп немесе сізге қолдау білдіреді деп айту қиын.
Арыстан
Табысқа жету үшін біраз тер төгесіз. Әріптестермен сөзге келіп қалуыңызда ғажап емес. Қандай жағдай болмасын сабырлылық сақтаңыз. Ашуды ақылға жеңдірер болсаңыз, кедергілерге тап болмайтыныңыз анық.
Бикеш
Күн жағымсыз басталғанымен өз пайдаңызға шешілмек. Жеке өміріңізге де, жұмысқа да қатысты мәселелерді оңынан шеше аласыз. Ескі таныстарыңыз немесе сенімді серіктестеріңіздің көмегіне жүгінесіз.
Таразы
Сіз өте аңғалсыз. Сондықтан болар жолыңызда кездескендердің барлығына бірдей сеніп, біраз қателіктер жібересіз. Кімге сеніп, кімнен бойды аулақ ұстауды үйреніңіз. Тек жақын жандарыңызға ғана сеніңіз.
Сарышаян
Бүгін сіз үшін ауыр күн болғанымен, оны оңай, әрі тыныштықта өткізесіз. Ешнәрсеге алаңдамайсыз. Егер өзіңіз дүрбелеңге түспесеңіз, барлық қиындықтарды жеңуге болады.
Мерген
Күн жақсы өтеді, алайда мұнан да жақсы болғанын қалайсыз. Жолыңыздың болмауына өзгелерді кінәлауды доғарыңыз. Өзгелерге деген өкпе-ренішті ұмытыңыз. Жаныңызды ауыртатын мәселелерді кейінге қалдырыңыз.
Тауешкі
Ұстамды болыңыз. Өзіңізді дұрыс басқара біліңіз. Өйткені бүгін орын алатын оқиғалар бір-бірімен шиеленісіп кетуі мүмкін. Сондықтан әр мәселені сабырлықпен қабылдап, оны дұрыс шеше біліңіз. Жұмысқа қатысты ұсыныстарда абай болыңыз.
Сауқұйғыш
Сіз үшін сәтті күн. Барлық мәселе өз кезегімен шешімін тауып жатады. Ықпалды адамдардың құрметіне ие боласыз. Ойда жоқта жұмысқа қатысты жақсы ұсыныс жасалады. Дайын болыңыз.
Балықтар
Күннің алғашқы жартысы қиынға соқпақ. Өзіңізді керексізбін деп сезінуіңіз мүмкін. Бірақ еш уайымдамаңыз. Мұның барлығы тек шаршағандықтан келген ойлар. Өз ісіңізге мығым болсаңыз, көп іс тындырарыңыз анық.