ТҰТЫНУШЫЛАР ҚОҒАМДЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ КОМИТЕТІНІҢ САЙТЫНДА СӘЙКЕС КЕЛМЕЙТІН ӨНІМДІ ҚАДАҒАЛАЙ АЛАДЫ
«Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің, гигиеналық нормативтер мен техникалық регламенттердің талаптарына сәйкес келмейтін өнімдер тізілімін жүргізу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2019 жылғы 2 мамырдағы № ҚР ДСМ-59 бұйрығы бекітілді, оны енгізу бойынша құзырет халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы уәкілетті органға заңнамалық деңгейде бекітілді.
Осыған байланысты тұтынушыларды хабардар ету мақсатында өнім қауіпсіздігіне мониторинг жүргізу кезінде анықталған, денсаулыққа қауіп төндіретін, сәйкес келмейтін өнімдер тізілімі интернет сайтта ай сайынғы негізде орналастырылатын болады.
Тізілімдегі мәліметтер барлық мүдделі тұлғалар үшін ашық және қолжетімді болады. Тізілімде өнімнің түрі мен атауы, партияның (серияның) нөмірі, дайындалған күні, өнімнің жарамдылық мерзімі, өндірушісі (өнім берушісі) және өнімді іріктеу орны, бұзушылық түрлері сияқты мәліметтер, өнімнің сәйкестігін растайтын құжаттар жөніндегі ақпарат болады.
Көрсетілген тізілім денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган ведомствосының интернет-ресурсында ай сайынғы негізде орналастырылып, өзектендірілетін болады.
Қоғамдық денсаулық сақтау департаменті