Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Оң шешімін тапқан

Оң шешімін тапқан

Ауданда жастардың білім алуына ерекше көңіл бөлінуде. Сол үшін де аудан бюджетінің басым бөлігі осы салаға бөлінеді. Қазіргі таңда ауданда үш аусымды мектеп жоқ. Барлық білім ошағы жаңартылып, жөндеуден өткен. Шаған, Шіркейлі елді мекендерінде жаңа білім ошағы бой көтерді. Бұған қоса, мектепке дейінгі тәрбие және біліммен қамту үшін «Балапан» бағдарламасы аясында ауылдар толық балабақшамен қамтылып, орын жетіспеушілігі жоқ. Тіптен, С.Сейфуллин ауылында жергілікті бюджет есебінен жаңа балабақша салынып, балғындар толық балабақшамен қамтылған. Сонымен бірге, аудандағы мәдени ошақтар да толығымен жаңартылды. Аудандық бюджет есебінен Айдарлы ауы­­лында жаңа мәдениет үйі салынды. Сөйтіп, ауданда барлық әлеуметтік нысан жаңарып, жұмыс жасауға қолайлы болды.
14 мамыр 2019 ж. 432 0